100 бала Африка асып кетті ме: Сыртқы істер министрлігі Дархан Қыдырәлінің фактілерін жоққа шығарды

22.01.2024, 15:41
944
100 бала Африка асып кетті ме: Сыртқы істер министрлігі Дархан Қыдырәлінің фактілерін жоққа шығарды gov.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров сенатор Дархан Қыдырәлінің депутаттық сауалында айтылған кейбір мәліметтерді теріске шығарды. Бұл туралы KAZINFORM хабарлап отыр.

 

«Шетелдіктер асырап алған бала 18 жасқа дейін Қазақстан азаматы болып қала береді. Оны біздің шетелдегі консулдар көмектесіп, бақылап жүреді — арнайы бағдарлама бар. Бірақ 18-ге толғаннан кейін ол қай елдің азаматтығын алатынын өзі шешуі керек. Егер 18-ден кейін сол елдің азаматтығын алса, біз ешқандай әрекет жасай алмаймыз, өзінің жеке шешімі. Бірақ 18 жасқа дейін асырап алған ата-аналар консулға есеп беріп тұруы керек. Ал бағана сіз айтып отырған „бірнеше бала туралы ақпарат жоқ“ деген мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Өйткені барлық бала бойынша ақпарат жинап отырамыз. Әрине, кейбір кезде бір мекенжайдан басқа мекенжайға көшіп кетіп, ақпарат болмай қалуы мүмкін», — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Оның айтуынша, қазақ балалары шетелге алғаш жіберіле бастағанда «тек батыс елдеріне берілсін» деген талап болған.

«Сонымен қатар „қазақ балаларын біраз экзотикалық елдерге алып кетті“ деген де ақпаратты оқыдым. Олай емес. Өйткені бізде кезінде тоқсаныншы жылдары „балаларды тек батыс елдерінің өкілдеріне беретін“ талап болған. Батыс елдерінің азаматтары сол елдерде дипломат болып жұмыс істеуі мүмкін. Солар асырап алған. Ал африкалық елдерге біз балаларды бермейміз», — деді Айбек Смадияров.

СІМ ресми өкілі қазіргі таңда 18 жасқа дейінгі 1993 бала консулдық есепте тұрғанын жеткізді.

«Сенатор Дархан Қыдырәлі жүзден аса баланы Африка елдеріне асырап алып кетті деді. Ол ақпарат өтірік пе?» деп нақтылады БАҚ өкілі.

«Ол ақпаратты қайдан алғанын білмеймін. Біздегі бар мәліметке сәйкес, Африка елдеріне бала берген жоқпыз. Шындыққа жанаспайды», — деді Айбек Смадияров.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады