ЕҰУ-да қазақ есімдерінің семантикасы бар қосымша жасалды

22.01.2024, 14:04
742
ЕҰУ-да қазақ есімдерінің семантикасы бар қосымша жасалды gov.kz

Еуразия ұлттық университетінің IT мамандары қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, тегін цифрлық өнімдер жасауда. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

 «Қызықты ономастика» жаңа мобильді қосымшасы адам есімінің, географиялық нысандардың, жануарлар мен құстардың мағынасы мен шығу тегін білуге мүмкіндік береді.

ЕҰУ IT мамандары қазақ тілінде «Қызықты ономастика» мобильді қосымшасын әзірледі. Жаңа цифрлық өнім 800-ден астам жеке атауларды біріктіреді. Олар 100-ден астам семантикалық белгілер бойынша топтастырылған және бұл бағдарламаның басты артықшылығына айналды. Мобильді қосымшаны пайдаланушыларға сәбиіне есім таңдауға немесе өз есімінің мағынасын білу мүмкіндігі де ұсынылған.

«Президент өз сөзінде мемлекеттік тілде цифрлық өнімдерді арттырудың маңыздылығын атап өтті. Біз көпшілік үшін ыңғайлы «Қызықты ономастика» мобильді қосымшасын іске қостық. Барлық атаулар семантикалық қасиеттері бойынша топтастырылған, бұл - біздің жобамыздың бірегейлігі. 1,5 жыл бойы табанды еңбек еттік, көптеген жұмыстар мен материалдар зерттелді. Біздің қосымшамыз әйел мен ер адамдар есімдерінің шығу тілін, этимологиясын білуге мүмкіндік береді. Егер сіздің есіміңіз бірнеше сөзден тұрса, олардың әрқайсысының жеке мағынасын таба аласыз. Сондай-ақ цифрлық платформада алфавит бойынша сұрыптау бар, пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін іздеу тарихы сақталады және сіз таңдаған есімдерді бөлек сақтауға болады», - деп атап өтті жоба жетекшісі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Цифрлық даму және қашықтықтан оқыту департаментінің директоры Гүлмира Бекманова.

Цифрлық платформада ыңғайлы навигация және жылдам іздеу жүйесі бар. Мобильді қосымша қазір Android платформасында қолжетімді.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты