"Алаяқтар Жәнібектен 5 мың еуро сұраған": Қымбат Досжан белгиялық асырап алған балаға қатысты тың дерек айтты

23.01.2024, 12:36
3613
"Алаяқтар Жәнібектен 5 мың еуро сұраған": Қымбат Досжан белгиялық асырап алған балаға қатысты тың дерек айтты Сұрауы бар

Танымал журналист Қымбат Досжан "Сұрауы бар" бағдарламасында бельгиялықтар асырап алған Жәнібек есімді баланың оқиғасына қатысты тағы бір тың деректі айтты. Бұл туралы Massaget.kz хабарлап отыр.

Оның айтуынша, алаяқтар хабарласып, Жәнібектен ақша сұраған.

"Қазақстанға 30 күнге келген Жәнібекке алғашқы уақытта алаяқтар хабарласқан. Бір жігіт Жәнібектің жекесіне  "5000 еуро бер, анаңды тауып беремін" деп хабарлама жазған. Жәнібек "ақшаңды төлеймін, бірақ скрин жасап, әлеуметтік желіге жариялаймын" деген екен. Сөйтсе, "жоқ, рахмет, әзілдеген едім" деп жауап жазған", - деді журналист. 

Журналист Жәнібекті асырап алған шетелдік ата-анасы қазақстандықтарға қомақты қаржы төлегенін атап өтті.

"Ең бірінші Жәнібекті асырап алмай тұрып, шетелдік азаматша Бельгияда отырып, электронды поштасына оның мәліметтері, суретін көріп, ешқандай ауруы жоқ екенін анықтаған. Қазақстанға келгенде бірден "Жәнібекті аламын" деп келген. Тіпті, біздің елдің азаматтарының сұраған ақшасын ала келген. Сол ақшаны бір кісіге қолма-қол берген. Бірақ, кімге қанша бергенін еш жерде әзірге айтылмайды. Бұл әзірге ғана. Мұның бәрі уақыт өте жарияланады. Кім екенін редакторым екеуміз ғана білеміз. Ол қазір жақсы, жұмыс істеп жүр. Одан бері 20 жыл өтті. Сол уақытта тіптен жас болған", - деді ол. 

Қазіргі таңда бұл іс бойынша прокуротураға хат жолданғанын айтты.

"Жәнібек дүниеге келген кезде дәрігер медицина саласына еш қатысы жоқ "грузовые перевозки путевые лист 1983 жыл, СССР" деген қағазға салмағы мен атын жазып, толтырған. Ал анасы деп жазылған Жазира есімді әйелдің жеке басын растайтын құжат табылмады. Баланы дүниеге әкелгеніне 4 күн болғанда анасына қолхат жазғызып алып, перзентханадан шығарып жібереді. Артынан ешқандай іздеу салмаған. Бұл - салғырттық. Бірақ, Арқалық қаласындағы перзентхананың сол кездегі бас дәрігері қазір зейнеткерлікке шыққанымен, сонда жұмыс істеп жүр", - деді Қымбат Досжан.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады