«Бұл Алланың кішігірім ескертуі». Мәжіліс депутаты жер сілкінісі туралы пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Алматыда болған жер сілкінісіне қатысты ойын білдірді. Бұл туралы Мәжілісмен Instagram парақшасында жазды.
"Талайды тәубесіне келтірген күн. Осы түн соңғы түніміз болғанда не істер едік? Бұл Алланың кішігірім ескертуі. Ойлап қараңызшы: жер бұдан да қатты сілкінгенде бүгін қандай хәлде болар едік. Аллаға шүкір! - деді депутат.
Бұл Алланың мейірімі деп түсіну қажет екенін айтты.
"Өйткені, үлкен ескерту келмес бұрын кіші ескерту, үлкен азап келмес бұрын кіші азап келеді. Адамдар шарасызбыз, қолымыздан түк келмейді, сөйте тұра тәкаппармыз. Ойлан. Тәубеңе кел, - деп жазды.