Бұдан былай академиктерді сақалына емес, сапасына қарап іріктейміз – Саясат Нұрбек

23.01.2024, 15:42
733
Бұдан былай академиктерді сақалына емес, сапасына қарап іріктейміз – Саясат Нұрбек Kazinform

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде Ғылым академиясы қалай трансформацияланып жатқанын айтты. Бұл туралы KAZINFORM хабарлап отыр.

 

«Қазір Ғылым академиясын трансформациялау жүріп жатыр. Былтыр Президент жанындағы Ғылым академиясы құрылып, мәртебе берілген. Қазір ғылым туралы заңға тиісті өзгертулер енгізіп жатырмыз. Кеше Президент өз өкімімен Ғылым академиясының жаңа президентін тағайындады. Ережесі дайын. Жуықта, екі-үш аптаның көлемінде жаңа академиктерді сайлауды бастаймыз деп ойлаймын. Яғни, қазір Ғылым академиясы қоғамдық ұйым түрінде жұмыс істеп тұр. Ол жойылып, жаңа академиктерді конкурстық негізде іріктеу жұмыстары басталады. Еңбегі сіңген, жылдар бойы ғылыми үлесін дәлелдеп келе жатқан кейбір академиктерге «Құрметті академик» мәртебесі беріледі. Жаңа академияның жарғысында бұл бар», - деді ол. 

Министр академиктер іріктеу конкурсы мүлде жаңа өлшемшарттар бойынша жүретінін айтады. 

«Мысалы, ғылыми қызметі, Q1, Q2 импакт-факторы бар журналдарда жарияланған мақаласының саны есепке алынады. Іріктеу мүлде жаңа қағидаттар бойынша жүреді. Ол қағидат ғалымның жасына емес, шынайы ғылыми үлесіне, белсенділігіне, патенттер санына, ғылыми жобаларына, инвестиция тарта білгеніне қарайды. Сондықтан алдағы 2-3 айда академия шындап трансформацияланады. Жас бойынша шектеу жоқ», - деді Саясат Нұрбек. 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді