Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар жауапқа тартылды

23.01.2024, 18:41
922
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар жауапқа тартылды polisia.kz

ліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Алматы – Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған екі ер адамды анықтады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Тексеру барысында құқық бұзушылардың Қостанай облысының 41 және 58 жастағы тұрғындары екендігі белгілі болды. Олар жол бойында спирттік ішімдіктер ішіп, қастарындағы жолаушыларға балағат сөздер айтқан.

Екеуі де Ақмола облысының Атбасар станциясыда акт бойынша пойыздан түсірілді. Араққа сылқия тойған азаматтар полиция бөлмесіне жеткізу кезінде билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған. 

"Оларға қатысты бірден үш, яғни, алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Рудный қалалық сотына жолданды", - делінген хабарламада. 

Дәл осындай оқиға Қостанай станциясында да орын алды. Бұл жолы көлік полицейлері Нұрлы-Жол – Орал бағытындағы жолаушылар пойызынан Ақтөбе қаласының 60 жастағы тұрғынын түсіріп алды. Егде жастағы жолаушы пойызда алкогольдік ішімдік ішіп, өз орнында киімдерін шешіп, тыр жалаңаш қалпында ұйықтаған. Осылайша, өзінің сыртқы келбетімен адамның қадір-қасиеті мен адамгершілігін қорлайтын іс жасаған.

Оған алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 5 АЕК айыппұл салынып, ұсақ бұзақылық жасағаны бойынша әкімшілік материал сотқа жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау — отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Ал, ұсақ бұзақылық жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды