Мәжіліс депутаты өз еркімен өкілеттігін тоқтатты

23.01.2024, 20:20
941
Мәжіліс депутаты өз еркімен өкілеттігін тоқтатты Kazinform

Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica фракциясының мүшесі Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

 

«ҚР Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы ҚР Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, ҚР Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Аманжелқызы Шүкіжанованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.А. Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Мәжіліске енгізілсін», - деп жазылған қаулыда.

Айта кетейік, Динара Шүкіжанова 2023 жылы Respublica партиясының тең төрағасы, Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды.

8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады