Ұлттық комиссия 2024 жылы әйелдер мен балалар құқықтары мәселесін шешуге ынталы

24.01.2024, 11:11
1420
Ұлттық комиссия 2024 жылы әйелдер мен балалар құқықтары мәселесін шешуге ынталы GOV.KZ

24 қаңтар 2024 жылы Астанада Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылап, 2024 жылға арналған міндеттерді айқындады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Отырыста  ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева 2023 жылдың жемісті әрі нәтижелі болғанын айтып өтті.
 
«Мемлекет басшысы атап өткен басымдықтарға сәйкес ұлттық комиссияның өткен жылғы қызметі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді зерделеуге баса мән беріп, билік пен азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар арасындағы сұранысқа ие диалог алаңына айналды.Ұлттық комиссия сарапшыларының қатысуымен Әлеуметтік кодекс әзірленіп, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізілді. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әзірленді», - деп сөз сөйледі Аида Балаева.
Ұлттық комиссия құрамы өзгеріске де ұшырады. Комиссия төрағасы бұрынғы қызметкерлерге өз алғысын білдіріп, жаңа мүшелермен таныстырды. Жаңа құрамға
 
• Ләззат Қалтаева
• Тілектес Адамбеков 
• Альфия Адиева
• Ренат Зулхаиров
• Шолпан Каринова 
• Эльмира Каримова
• Муслим Хасенов енді
 
«Ұлттық комиссия сарапшыларының қатысуымен Әлеуметтік кодекс әзірленіп, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізілді. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы әзірленді», - Аида Балаева.
Төрағаның айтуынша, 2023 жылы біршама мәселелерді шешуде Ұлттық комиссияның сараптамалық топтарының өңірлерге бару тәжірибесі енгізілді. Мониторинг және сараптамалық талдау қорытындысына сүйенсек бабалар құқығы бойынша бірқатар бастамалар әзірленген.
 
Бұған қоса, түрлі маңызды жобалар іске қосылған. Жобалар түрлі әлеуметтік, психологиялық көмектер көрсетіп, қызмет етеді. Әлеуметтік маңызы бар 7 жоба, оның ішінде "Самұрық-Қазына"АҚ-мен бірлесіп 3 қайырымдылық жобасы іске асырылды.
 
• "One Stop Service" жобасы зорлық-зомбылық құрбандарына жоба тегін психологиялық және құқықытық көмек көрсетіп, әйелдер мен балаларға қатысты 36 қылмыстық іс бойынша қолдау көрсеткен. Резонанс тудырған 11 іс ерекше бақылауға алынды.
 
• Тағы бір сәтті жоба - шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын азаматтарға медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік көмек көрсету және тексеру үшін іске қосылған «Саламатты Қазақстан» пойызы.
 
• Astana hab – пен бірлескен It-Aiel бағдарламасы бар. Бағдарлама  2 мың жұмыссыз әйелге табыс көзін арттыруға және  фрилансерлік платформаларда ақша табуды табуды  үйрену арқылы қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізуге мүмкіндік берді. «Томирис» ұзақ мерзімді білім беру жобасы қалалар мен ауылдық жерлердегі табысқа жеткен қыздар мен әйелдерді қолдауға бағытталған.
 
Жалпы Мемлекет басшысы атап өткен басымдықтарды ескере отырып, ұлттық комиссия отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруда. Сөз соңында Аида Балаева Ұлттық комиссия жұмысының алдағы күн тәртібін белгілеп, бірқатар міндеттерді аттады. Міндеттер төмендегідей:
 
• Құқықтық мәдениетті және заң бұзушыларға қарсы көзқарасты қалыптастыру;
• Түрлі мақсатты топтармен қоғамдық талқылауды дамыту; 
• Адамгершілік және отбасылық құндылықтарды нығайту;
• Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.
 
Автор: Алина Еркінбек
 
 
Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды