El.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының Заңғардың қайын жұртын қонаққа шақырып, құда мен құдағиына құрмет көрсетті.
Көңілді кештің видеосын Айдарбекова Instagram парақшасында жариялады.
Отырыс су жаңа құдағидың туған күніне ұласып, түнгі 00:00-ден соң күйеу баласы Заңғар оған гүл шоғын сыйға тартса, Гүлзира Айдарбекова бағалы сыйлығын табыс етті. Продюсер құдағиына білезік тағып, тон кигізді.