Kaspi.kz АҚШ-та IPO өткізді

24.01.2024, 17:59
1007
Kaspi.kz АҚШ-та IPO өткізді Kaspi.kz

Қазақстандық ірі технологиялық Kaspi.kz компаниясы Apple, Amazon, Google сынды бүкіл әлемге танымал инновациялық компаниялар орналасқан АҚШ-тағы NASDAQ биржасында IPO өткізді.

Apple, Amazon, Google сынды бүкіл әлемге танымал инновациялық компаниялар орналасқан. Kaspi.kz-тің АҚШ-тағы IPO-сы өткен жылдың қазан айынан бергі ең ірі және 2024 жылы алғашқылардың бірі болды.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы:

«Нью-Йорктің ортасындағы Time Square-де Қазақстанның үлкен жалауы желбірегенін көргенде кеудемізді кернеген мақтаныш сезімін сөзбен айтып жеткізу қиын. Біз сіздермен бірге Қазақстанды жаңа деңгейге көтердік, Қазақстанды әлемдік инновация картасына енгіздік және әлемнің көптеген елдері, компаниялары мен инвесторлары үшін үлгі болдық.

Kaspi.kz дамуында жаңа кезең басталды. Енді бізде сіздердің әрқайсыңыздың және ел алдында бұдан да үлкен жауапкершілік тұр. Біздің сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге бізбен бірге болғандарыңыз үшін рахмет! Бізді бұдан да үлкен жетістіктерге шабыттандыра беріңіздер. Біз өз тарапымыздан адамдардың өмірін жақсартатын және Қазақстанның дамуына үлес қосатын инновациялық қызметтерді жасауды жалғастыруға уәде береміз!».

Вячеслав Ким, Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі және директорлар кеңесінің төрағасы:

«Kaspi.kz тарихы Қазақстанмен, елімізде тұрып, жұмыс істейтін адамдармен тығыз байланысты. АҚШ-тағы IPO кезінде біз инвесторларға Қазақстан туралы көп айттық. Көптеген ірі инвесторлар Қазақстандағы мемлекеттің бастамасымен және қолдауымен жүзеге асырылып жатқан цифрландырудың ерекше қарқынмен дамуын бұрыннан бақылап келеді. Kaspi.kz-тің Америка нарығына сәтті шығуы - инвесторлар үшін Қазақстанға және қазақстандық компанияларға инвестиция салуға тағы бір белгі екеніне сенімдіміз».

Кэрен Сноу, NASDAQ жаһандық орналастыру жөніндегі жетекшісі:

«Kaspi.kz 17 жыл бұрын Қазақстанда, Алматыда құрылғалы бері компания халықтың өмірін жақсартуды өзінің миссиясына айналдырып, цифрландыруға орасан зор үлес қосты.

Kaspi.kz суперқосымшасы электронды коммерция, саяхат, азық-түлік, төлемдер, QR-кодпен төлеу және мемлекеттік қызметтерді ұсынып, қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды және әлемдегі басқа қосымшалармен салыстырғанда қолдану бойынша ең жоғары көрсеткіштерге ие. Сіздің командаңызды құттықтаймыз. NASDAQ Kaspi.kz-пен серіктес болғанын мақтан тұтады және Қазақстаннан АҚШ-та толыққанды IPO жасаған бірінші компанияны қарсы алады».

 

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты