ҰБТ тапсыру кезінде үміткерлерге калькулятор және химиялық элементтердің периодтық жүйесі қолжетімді

24.01.2024, 18:56
941
ҰБТ тапсыру кезінде үміткерлерге калькулятор және химиялық элементтердің периодтық жүйесі қолжетімді gov.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматқа ауыстырғаннан кейін тест тапсырушыларға калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болды. Соның нәтижесінде олар тестілеу бағдарламасына енгізілген. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

«Өздеріңізге белгілі, «Химия» пәнін тапсырушыларға компьютерде Химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесі ұсынылады. Сондай-ақ, өткен жылдан бастап кестелердің қағаз нұсқасы ұсынылады. Оны тестілеу әкімшілері ҰБТ тапсыратын аудиторияда беретін болады. Яғни, тестке қатысушылар өздерімен бірге алып келмейді. Осылайша, талапкерлер кестелердің электрондық форматын да, қағаз форматын да қолдана алады», - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Естеріңізге сала кетейік, тестілеу кезінде барлық талапкер үшін тестілеу бағдарламасында «Математикалық сауаттылық», «Математика», «Информатика», «Физика», «Химия» және «География» пәндері бойынша есептерді шешуге арналған арнайы калькулятор болады.

Тестілеу аяқталғаннан кейін әр пән бойынша тақырыптық талдау ұсынылады. Бұл тек тестілеу нәтижелерімен танысып қана қоймай, келесі ҰБТ-ға жақсы дайындалуға мүмкіндік береді.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды