Астана қаласының тұрғыны көлікпен 111 рет жол ережесін бұзған

25.01.2024, 12:14
565
Астана қаласының тұрғыны көлікпен 111 рет жол ережесін бұзған polisia.kz

Жамбыл облысының полицейлері 111 рет жол ережесін бұзған астаналық жүргізушіні ұстады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Полиция қызметкерлері Тараз қаласының көшелерін патрульдеу кезінде «Қорғау» жүйесінің көмегімен Kia Rio автокөлігінің жүргізушісін жолда тоқтатып, оның  111 рет жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзғанын анықтаған.

Көлік жүргізушісінің Астанада, Таразда және еліміздің басқа өңірлерінде 111 рет жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзып, 2,5 млн теңгеден астам айыппұлды төлемей жүргені белгілі болды.  Ол көбіне жылдамдықты асырып, камераға түсіп отырған.  

Жүргізушінің автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

«Қорғау» мобильді қосымшасында Ішкі істер министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешендері мен мобильді қосымшалары біріктірілген. Ондағы мәліметтер полиция қызметкерлерінің планшеттеріне түседі. Бұл нақты уақыт режимінде сақтандыру полисінсіз пайдаланылатын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін, бағыттамалар бойынша іздестірілетін көліктер, соның ішінде айыппұл бойынша берешегі бар жол ережесін қасақана бұзушыларды және тағы басқа бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады