«Екі адам да маған көрінді». Көріпкел Майқайыңда жоғалған автобус құлаған жерді көрсетті

Аиса Махамбет Редактор
26.01.2024, 09:47
6491
«Екі адам да маған көрінді». Көріпкел Майқайыңда жоғалған автобус құлаған жерді көрсетті massaget.kz

Көріпкел Майқайыңға арнайы келген.

Smart News басылымының хабарлауынша, Майқайыңда автобуспен бірге шұңқырға құлап, табылмай жатқан адамдардың жақындары көріпкел шақыртты. Бұл туралы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Көріпкел Майқайыңға арнайы келген.

«Мен сиқыршы емеспін, әйтсе де адамдарға мен керек болдым. Шақырған соң қарап отыра алмай шығып кеттім. Жоғалғандар табылып, туыс-туғандары тыныштансын. Шынын айтсам,  бұл – өте қорқынышты» – деп жазады көріпкел Майқайыңға бара жатып шығарған видеосында.

Бұдан кейін көріпкел Майқайыңда болған кезін баяндайды.

«Мен кенет кетіп барамын. Өзімнің көзқарасымды оларға айттым. Бұл – жерден сөмкені алып көтере салатын нәрсе емес қой. Менің ойымша, бүгін түнге дейін үлгерсе үлгереді, үлгермесе ертең ол жер туралы еститін боламыз. Себебі  оны көрсеткендей болдым. Екі адам да маған көрінді. Сол мен көрсеткен жерден табылады деп үміттенемін. Мен бара жатқанда-ақ маған аруақтар аян берді. Барған соң шұңқырдан қызғылт түсті көресің, сол жерде жатыр деді. Мен барғанда қызғылт түсті аумақты көрдім. Қазір сол жерді қазып жатыр», – дейді көріпкел.

Massaget тілшісі жоғалған құтқарушы Айдос Шаймерденнің әйелі Нұрсұлуға хабарласты. Ол көріпкелді өздері шақырғанын растады.

Бұл дерекке қатысты Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері жауап берді. Ведомство өкілдері, көріпкелді оқиға орнына шақыруға қатыстары жоғын, оны жоғалған қызметкерлердің туыстары шақырғанын айтты.

«Оған ешқандай ведомство қарсы бола алмайды. Ол бізбен бірге қауіпсіз жерде тұрды. Құтқарушылар жүргізіп жатқан іздеу-құтқару жерлеріне келмеді.

ТЖД қызметкерлері мен басқа да мамандар нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істейді. Топырақтың, геосканердің және металл детекторының қозғалғыштығын сканерлеу үшін техниканы қолдану арқылы жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ  шахта түбінде кинологиялық есептеулер үнемі жұмыс істейді. Жұмыс бағыты мамандандырылған аспаптардың көрсеткіштері негізінде түзетіледі», – делінген ресми жауапта.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды