Сүйінші: әлемге танымал Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытыла бастайды

26.01.2024, 13:06
5118
Сүйінші: әлемге танымал Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытыла бастайды gylym_jogary_bilim

Қуанышты хабарды министр Саясат Нұрбек жеткізді.

Smart News басылымының хабарлауынша, Қазақстаннан барған делегация мүшесі, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылатынын жеткізді. Ол бұл туралы өзінің Telegram арнасына жазды.

«Өздеріңізге айтқанымдай, Лондонға сапарым аясында біз табысты жетістіктерге қол жеткіздік. Тек бұл емес, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған делегациямен бірге әлемдегі ең беделді ЖОО-на арнайы барудың реті келді. Нақтырақ айтар болсам, әлемдегі бірегей ЖОО саналатын Ұлыбританиядағы Оксфорд университеті арасында өзара ынтымақтастық байланыс орнатып, өзара келісімге қол қойдық. Соның нәтижесінде Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынатынын сүйіншілеп айтқым келеді.

Ұлыбританияның оқу орнына ат басын тіреген соң Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты көне қолжазбалары таныстырылды. Бодлиан кітапханасы - өте ірі, рухани ордалардың бірегейі. Бұл кітапханада Түркі философы Шейх Ахмед Таразидың «Кемелдік ғылымы» қолжазбасының жалғыз данасы сақталғанын айтып өткім келеді. Сонымен қатар, университетке экскурсия жасап, тарихымен етене танысып шығудың сәті түсті», - дейді министр.

Сондай-ақ министр жас өнертапқыш Санжар Тайжанмен де кездескенін айта кетті.

«Мұнан соң ұлыбританиялықтарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен даярланған Oxford Qazaq сөздігінің алғашқы басылымын таныстырып, бұл еңбектің қаншалықты маңызға ие, іргелі зерттеулердің негізінде жазылған еңбек екендігін баяндап өттім. Сөздіктің алғашқы басылымы 60 мыңнан астам сөз бар және еңбек 1300 беттен тұрады.
Сонымен қатар, осы сапар аясында мен қазақстандық Илон Маск, жас өнертапқыш Санжар Тайжанмен кездестім. Санжарды мен ертеректен жақсы білемін. Естеріңізде болса, Tesla ұйымдастырған Not-A-Boring Competition турниріне қатысқан қазақ жігіті Санжар Тайжан мен оның командасы ұсынған бұрғы машинасы Илон Масктың назарына іліккен болатын. Міне осындай жас ғалыммен жүздесіп, сұхбаттасудың сәті түскеніне мен ерекше қуаныштымын», - деп жазды министр. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды