1182

Маңғыстауда бухгалтер балабақша қаржысын қымқырған

Ол бір жылға жуық уақыт 6,5 млн теңге ұрлаған.

Маңғыстауда бухгалтер балабақша қаржысын қымқырған
sputnik

Smart News басылымының хабарлауынша, білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар бойынша атқарылған істердің жай күйі туралы өткен жиында айтылды.

«Бейнеу ауданы «Манашы» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны есепшісі Еңбек кодексі талаптарын бұзып, 02.08.2021 - 03.05.2022 жыл аралығында жалпы сомасы 6 551 387 теңге негізсіз, артық, жеке шотына төленгені анықталды. Сот үкімімен 3 жыл бас бостандығына айыру жазасы тағайындалды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Хайруллин.

Сондай-ақ, үнемделген ақша қаражаттарын іске асыру кезеңіндегі сыбайлас жемқорлық бойынша берілген есепте Б. Хайруллин Ақтау қаласы білім бөлімінің №11 мектеп-лицейінің бас бухгалтері тұрақты негізде тиесілі жалақыдан жоғары, негізсіз қаражат (63 838 400 теңге) аударғанын айтты. Есепші сот үкімімен кінәлі болып танылған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор