«Киллер жалдаған». Ақмолалық белсенді Ғалы Бақтыбаевты өз үйінде өлтіргендер сотталды

26.01.2024, 16:16
998
«Киллер жалдаған». Ақмолалық белсенді Ғалы Бақтыбаевты өз үйінде өлтіргендер сотталды видеодан алынған кадр

Қылмыскерлер белсендіні үйінде атып кеткен.

Smart News басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында 2019 жылы белсенді Ғалы Бақтыбаевты Атасудағы өз үйінде өлтіріп кеткен адамдар сотталды. Бұл деректі Ақмола облыстық соты жария етті.

Қылмыстық іс сотта бірнеше рет қаралған болатын. Соңғы рет ол кісі өлтіруді ұйымдастырушылар мен орындаушыларға кезекті үкім шығарған Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына қарауға жіберілген.

Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

«Сот үкімімен төрт айыпталушы Б., А., М. және Ж. қастандық бойынша адамдар тобының денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін; атыс қаруын қолданумен жасалған бұзақылық; заңсыз сатып алу, сақтау, қару алып жүру және қастандық бойынша адамдар тобының басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен өзімшілдік ниетпен өлтіруі үшін сотталды (қастандық бойынша)», - дейді ведомство өкілдері.

Алқабилер төртеуін де қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Осылайша, қылмысты ұйымдастырушыларға – Б. және А. 15 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды. Істің тағы бір ұйымдастырушысы А. «полиция подполковнигі» атағынан айырылды.

Қылмысты бас орындаушысы М. 16 жылға бас бостандығынан айырылды, оның әрекеттерінде қауіпті рецидив танылды. Төртінші серіктес Ж.-ға 3 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды. Ол оны өтеу мерзімінің аяқталуына байланысты жазасын өтеуден босатылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, қанды қылмыс 2019 жылдың 28 мамырында болған. Белсенді Ғалы Бақтыбаев өз үйінен атылған күйі өлі табылды.

Тергеу болжамы бойынша, қылмысқа тапсырыс беруші – жергілікті кәсіпкер Азамат Букенаев және полицей Ғалым Ахмеджанов болған. Тергеу мәліметінше, Букенаев пен Ахмеджанов 1 миллион теңгеге киллер жалдап, қару берген. Киллер 2019 жылы 28 мамырда тапсырысты орындап, қашып кеткен.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген