Депутат жеке шығармашылық кешін мемлекеттен қаржы алмай ұйымдастыратынын айтты

Аиса Махамбет Редактор
26.01.2024, 18:13
2310
Депутат жеке шығармашылық кешін мемлекеттен қаржы алмай ұйымдастыратынын айтты gov.kz

«Кейінгі он айда есіме түсетін бақытты сәттерім аз» дейді депутат.

Smart News басылымының хабарлауынша, депутат Ринат Зайытов шығармашылық кеші ұйымдастырылмақ. Бұл туралы baq.kz жазды.

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов шығармашылығындағы жаңалығын айтты. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жеке шығармашылық кеші өтетін айтып, жазба жариялады.

Әуелден өнер адамы екенім бәріңізге аян. Бірақ, өмірдің бұралаң жолы мені саясат сахнасына алып келді. Бүгінде әр күнім кешегі көрерменді сағынумен өтеді. Кейінгі он айда есіме түсетін бақытты сәттерім аса көп емес. Сондай сәттердің ең тәттісі осыдан екі жыл бұрын өткен шығармашылық кешім. Содан бері қарбалас жұмыстардан уақыт үнемдеп, сіздермен тағы бір жүздесудің ретін келтіруге барымды салудамын. Шүкір. Оның да орайы келген сияқты, - деді депутат. 

Ақынның шығармашылық кеші 10 ақпан күні Алматы қаласындағы Республика сарайында өтеді. Әннің барлығы жанды дауыста шырқалады.

Сағат 19:00 де өздеріңізді “Абайлаңыздар” атты музыкалық кешке шақырамын. Кеш- түгелдей жанды дауыста өтеді. Өздеріңізге танылған әндерді Қазақ сахнасының жұлдыздары: Мейрамбек Беспаев, Ғаділбек Жаңай, Заман тобы, Нұржан Шөкенов, Мақпал Исабекова, Ермек Меденов, Бибігүл Қилымхан, Әсет Есжан, Айсауле Қайырғазина, Ұлжан Ағлақова, Нариман Әбдірахманов, Азат Дулатұлы, Құралай Өтепова, Ерсейіт Әлиев ж.т.б Алатау ансамблінің сүйемелдеуімен орындайды. Уақыт тауып, келген көрермен өкінбейді. Біз сіздерді сағына күтеміз, - деді Ринат Зайытов. 

Ақын бұл кешке мемлекет қаржысынан бір тиын да жұмасалмайтынын жеткізді.

Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды