3412

Алматыда заңсыз жүрген Нигерия келімсектері елден қуылды

9 келімсек ұсталды.

Алматыда заңсыз жүрген Нигерия келімсектері елден қуылды
almaty_police_department

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Нигериядан келген заңсыз келімсектердің тағы бір тобы үйлеріне қайтты.

Бұл жолы Алматының көші-қон қызметі Нигерияның 9 азаматын әуе көлігімен тасымалдауды ұйымдастырды.

«Бұлар Қазақстанда болу кезеңінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған, атап айтқанда, заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған және соттың шешімімен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылған шетелдіктер. Айта кетейік, бұл іс-шара бірнеше кезеңнен тұрады», - деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Бұған дейін, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 19 азаматы өз елдеріне қайтарылған болатын.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор