1120

Түрік әуе компаниясы Тель-Авив бағытындағы рейстерін тоқтатты

Түрік азаматтық авиациясының әуе компаниясы Turkish Airlines Тель-Авив бағытындағы рейстерді тоқтатқанын хабарлады. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.

Түрік әуе компаниясы Тель-Авив бағытындағы рейстерін тоқтатты
Pixabay
 

Kazinform хабарлауынша, бұл шешім Израильдегі сот реформасына қарсы наразылықтарға байланысты қабылданды.

Сондай-ақ, 26 наурызға жоспарланған рейстер де тоқтатылды.

Жексенбі күні кешке үкіметтің сот реформасын сынаған қорғаныс министрі Йоав Галант қызметінен босатылған кезде Израильде наразылықтардың тағы бір толқыны өтті.