Жанар Байсеміз журналист Қымбат Досжанның жалған ақпарат таратқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
28.01.2024, 15:37
2688
Жанар Байсеміз журналист Қымбат Досжанның жалған ақпарат таратқанын айтты collage smartnews.kz

«Балалар тірі, органы сатылып кетпеді» дейді журналист Жанар Байсеміз.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының авторы, журналист Жанар Байсеміз Оңтүстік Африка Республикасы асырап алған қазақ балаларының жағдайын айтқан Қымбат Досжанның сөзін жалған ақпарат деп атады.

«Оңтүстік Африка Республикасындағы ҚР Елшілігінде консулдық есепте 31 қазақстандық жетім бала тіркелген. Бірақ, балалар кәмелеттік жасқа толып кеткендіктен консулдық есептен шығарылған. Олар енді ОАР азаматтары. Қазіргі уақытта консулдық есепте қазақстандық бір бала бар, оның жасы 16-да. Асырап алғанда жүрегінде ақау болған, емдеткен, қазір жағдайы жақсы. Қалған балалар да дін-аман. 
Өлмеген, ТІРІ! Органға кетпеген!
ОАР-ның түрлі қаласында тұрып жатыр.
Оларды ақ нәсілділер асырап алған, көпшілігі еврей. Тұрмыстары жақсы, арасында дипломаттар да бар. Қазақстандық жетім балаларды асырап алғандардың ішінде қытайлар да бар.

Оңтүстік Африка Республикасындағы 31 баланың құжаты 2014-ші Египеттегі ҚР Елшілігінен ОАР берілген. Өйткені бұл уақытқа дейін ОАР-да Қазақстан өкілдігі болмаған.

Осы 31 баланың үшеуі Кенияда. ОАР-дағы ҚР Елшілігіне 14 мемлекет қарайды, бірақ Кения жоқ.
Кениядағы қазақстандық үш баланы Дания, Нидерланды елдерінің азаматтары асырап алған. Олар да дін аман. Найроби қаласында тұрады.

Жалпы, Оңтүстік Африка Республикасы - Африкадағы ең дамыған ел (интернеттен оқып алыңыздар).

ОАР-дағы отыз шақты баланың 11 қазақ», - деп жазды журналист.

Сондай-ақ ол журналистер жалған ақпарат бермей, нақты мәлімет беру керегін айтты.

«БАҚ өкілдері ойына келгенді айта бермеу керек. Дәлел, фактпен сөйлеу керек. 
ОАР қазақстандық жетім балаларға қатысты тараған жалған ақпарат ел ішінде дүрбелең туғызып жатқан соң, өз парақшам арқылы осы мәліметтерді жариялап отырмын. 
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі, оның ішінде елшіліктер, дипломаттар өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқарып жатыр», - деп жазды Жанар Байсеміз.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды