Елордалық еріктілер зейнеткерлерге қар тазалауға көмектесті

Аиса Махамбет Редактор
28.01.2024, 16:07
1019
Елордалық еріктілер зейнеткерлерге қар тазалауға көмектесті gov.kz

Жас еріктілер жер үйде тұратын қарттардың қарын күреп берді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, cоңғы күндері қалада қалып қар жауып, коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Жеке сектордағы егде жастағы тұрғындарға үйдің аумағын өз бетінше тазалау оңай емес. Бұл ретте елорда еріктілері “Қайырымдылық істер” марафоны аясында зейнеткерлер үйлерінің аулаларында қар тазалау акциясын жалғастырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін елордалық жастар Сарыарқа ауданы тұрғындарының үйлеріне барып, аумақты қардан тазартуға көмектесті. Жыл басынан бері акция аясында қаланың барлық аудандары бойынша жалғызбасты ата-әжелердің 40-тан аса жеке ауласы тазартылды.

Еріктілердің жұмысы туралы қала тұрғындарының бірі Санат Мұсабеков пікірін білдірді.

"Жастардың зейнеткерлерімізге көмектесіп жатқанын көріп, марқайып қалдық. Бұл өз кезегінде басқа адамдарға үлгі болады. Сондықтан ағам екеуміз де ауланы қардан тазартуға көмектесетін жақындары жоқ көршілерімізге қол ұшын беруге тырысамыз", - деді Санат.

Қайырымдылық акциясы жалпы қала мәдениетіне де әсер етеді. Ештеңеге бей-жай қарамайтын тұрғындар игі істерге қосылуда.

Кез келген адам еріктілердің қатарын толықтыра алады.

Ол үшін "Астана Жастары" жастар ресурстық орталығының Instagram аккаунтына хабарлама жазу керек.

"Қайырымдылық істер марафоны" акциясы аясында сіздер біздің қатарымызды толықтырып, ерікті бола аласыздар. Қазақстанның болашағы жастардың қолында екенін есте сақтаңыз”, - деді астаналық жастар.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды