3681

"Басқа тірлігіңіз жоқ па?". “Көреміз” бағдарламасының жүргізушісі өзіне айтылған сынға жауап берді

"Көреміз" бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайы туралы айтты.

"Басқа тірлігіңіз жоқ па?". “Көреміз” бағдарламасының жүргізушісі өзіне айтылған сынға жауап берді
видеодан алынған кадр

Журналист өзіне "осы қыздардан басқа тірлігіңіз жоқ па?" деп жазған оқырмандарына ашулы.

"Өткенде бір оқырман: «осы қыздардан басқа тірлігіңіз жоқ па",- деп жазып жіберіпті. Менің бұл қыздардан басқа тірлігім жетіп, артылады! Бірақ бұл қыздардың бізден басқа кімі бар? Сондықтан ондай жалаң сөз, қысыр әңгімеден ада болайықшы! Керісінше, Құндыз бен Назгүлге тілекше боп, жігерін қайрайық!

Ал бұл видео азғантай еңбектің нәтижесі", - деп жазды журналист.