Қарағанды облысында іс жүзінде жоқ жолды 328 миллион теңгеге жөндемек болған

29.01.2024, 11:35
888
Қарағанды облысында іс жүзінде жоқ жолды 328 миллион теңгеге жөндемек болған canva.com

Ақтоғай ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша ауданның Экономика және қаржы бөлімінің жалпы сомасы 328 миллион теңгеден асатын іс жүзінде жоқ «Ақжарық-Аппаз» тасжолын биыл жөндеуге ашық конкурс өтпей қалды.

Қарағанды облысының прокуратурасының хабарлауынша, жолдың бұл учаскесінде жергілікті және облыстық деңгейдегі уәкілетті органдардың балансында ешқандай жол жоқ болып шыққан.

«Автомобиль жолдары туралы» Заңның 1-бабына сәйкес автомобиль жолын ағымдағы жөндеу – автомобиль жолдарындағы төтенше жағдайлардың, ақаулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстар кешені, сондай-ақ жыл бойы жүргізілетін автомобиль жолдарын жедел қалпына келтіру және жөндеу, оның ішінде маршруттық әдіспен жүзеге асырылатын қираған учаскелерді жөндеу шаралары.

Тиісінше, ағымдағы жөндеу жұмыстары қолданыстағы тасжолда жүргізілуі керек.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес объектілер мен олардың кешендерінің құрылысы жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама бойынша жүзеге асырылады.

Осы норманы бұза отырып, экономика бөлімі құрылыс жобасы жоқ жаңа тасжол салуға әрекеттенген.

Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстары олар бойынша мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №46 бұйрығымен бекітілген «Рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурс арқылы жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің» тізбесіне енгізілген.

Осыған қарамастан, құрылыс-монтаж жұмыстары туралы хабарландыру ашық конкурс арқылы орналастырылған. Ақтоғай ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша бұл конкурс жойылды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)