"Азаматым болып қасымда жүгіріп жүрер ме еді": Ердос Қанаев марқұм ұлын есіне алды

29.01.2024, 12:24
1150
"Азаматым болып қасымда жүгіріп жүрер ме еді": Ердос Қанаев марқұм ұлын есіне алды ашық дереккөзден

"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев марқұм ұлын есіне алды. Бұл туралы өнер иесі парақшасында жазба жариялады.

Ердос ұлы дүниеге келгенде дәрігерлердің ауыр диагноз қойғанын айтты.

"Үлкен ұлым Абдурахимымсыз атқан таң мен батқан күнге де биыл 2 жыл болыпты. 2010 жылы Абдурахимым өмірге келген күні перзентханадағы дәрігерлер: "Ұлыңыздың бауы берік болсын" дегенде қуанғанымнан төбем көкке бір елі жетпей қалғаны рас. Бірақ әлгі дәрігер іле-шала артынан:" Бірақ ұлыңыздың жағдайы ауыр. Өмір сүруі, сүрмеуі екіталай", – дегенде біреу үстімнен мұздай су құйып жібергендей болды.

Содан бері ұлым 10 жасқа келіп, бұл өмірден өткенше мына әлемнен перзентімнің жазылып кеткенін көрсем, көзі көріп, жүріп кетсе екен деген әкелік арманның ішінде болған едім. Бірақ, әттең. Араға 10 жыл салып, ұлымнан да айрылып қалдым. Иә, сол күнге де 2 жыл толыпты. Бір адамдар "Ең жақсы емші –  уақыт, кез келген көңіл жарасы, уақыт өтуімен емделеді" деп жатады. Бірақ тұла бойы тұңғышыңнан айрылу, бауыр еті балапаныңа деген сағыныш жарасы жазылмас екен.

Әліге дейін аңсап тұрамын. Әкелік (пенделік) арманымның ішінде: "Ұлым биыл 12-ге толар ма еді. 7-ші сыныпта оқып жүрер ме еді. Азаматым болып қасымда жүгіріп жүрер ме еді. Есейіп, еліне қызмет жасар ма еді?"- деген армандарым көп еді. Бірақ Алланың тағдыры басқа болды. Алла көркем, Алланың ісі де Көркем екен ғой, сөйтсем. Алладан сынақ болғанда, пендеден сабыр екен. Я Раббым мені сабырлылардың қатарынан көргейсің. Абдурахим ұлымды қияметте біздерге шапағатшы ете гөр", – деп жазды Қанаев Instagram парақшасында. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)