Ғылым министрлігінен Жасанды интеллект комитеті ашылады

29.01.2024, 15:18
899
Ғылым министрлігінен Жасанды интеллект комитеті ашылады canva.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомство құрамында Жасанды интеллект комитеті пайда болатынын айтты.

 

«Жасанды интеллект әбден сәнге айналып кетті. Жасанды интеллект 2022 жылдың аяғында белсенді шықты. Ал былтырғы даму процесін ғылыми орта «ойын жылы» деп атап кетті. Бәрі ойнады, көрді, таңғалды. Енді биыл салмақты әңгіме болатын түрі бар. Жасанды интеллект саласына бүкіл алпауыт компаниялар кірісіп кетті, триллиондаған инвестиция құйыла бастады. Осы соңғы 5 жылдың ішінде 27 мемлекет өздерінің ұлттық жасанды интеллект стратегияларын қабылдады», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол, бұл жарысқа Қазақстан да қосылып кеткенін айтты.

«Биыл стратегия қабылданады. Жасанды интеллект бойынша арнайы комитет құрылады, суперкомпьютер алынады. Біздің институттарымыз әзірлеген ауқымды тіл моделі шығады. Ол модельді суперкомпьютерде жаттықтырамыз да, қазақша түсінетін өзіміздің тұңғыш ChatGPT пайда болады. Қазір бүкіл араб елдерінде өздерінің тіл модельдерін жасап жатыр. Оларға жеңілдеу. Өйткені араб тілінде шыққан ғылыми еңбек, жазба әдеби мәдениет көп. Өкінішке қарай, өзімізді қанша мақтасақ та, бізде ондай мыңдаған жылдық кітапханалар жоқ. Мәдениетіміз де, өркениетіміз де ауызша. Сондықтан Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп бүкіл БАҚ-тың, киноқордың мұрағаты негізінде осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Соны жеңілдету үшін Оксфорд университеті көмектесті», - деді министр.

Емделіп жатқан Төреғали Төреәліге желі қолданушылары қолдау білдірді «Мәһр болғаны дұрыс»: Жахан Отарғалиев Дубайда келіншегіне мәһр сыйлады (ВИДЕО) Автобус күтіп тұрған 64 жастағы әйелге күтпеген жерден бейтаныс ер адам шабуылдаған TikTok Қытайға қолданушылардың деректерін бергені үшін 530 млн еуро айыппұл төлемек Атырауда қоқысқа толы пәтерден зейнеткердің мәйіті табылды Олимпиада жүлдегерлері пәтер кілттерін алды Астанада зейнеткерлер санаторияға тегін жолдама үшін таласып жатыр (ВИДЕО) 30 мың теңге үшін дүкеншіні аяусыз пышақтап өлтірген қаскөй сотталды Ермұрат Бәпи, Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан: Ресейге кіруге тыйым салынған Қазақстан азаматтары көбейген «Бүкіл денесі жанып кеткен»: токқа түсіп қаза болған 9 жасар баланың анасы меморгандарды кінәлап отыр Әйелін түскі ас дайындамағаны үшін ұрып-соққан Шиелі тұрғыны жазадан құтылып кетті Ерекше балалар үшін жүгірген марафоншылардың арқасында инклюзивті кабинеттер ашуға мол қаржы жиналды АҚШ Украина мен Ресейдің келіссөзінде делдал болудан шаршады Ресейде жаңа көліктер бұрын-соңды болмаған арзан бағаға түсті Елдегі мұғалімдердің жалақысы бес жылда 100%-ға көбейген Астанада өтетін әскери шеруді қайдан көруге болады? Атырауда Каспий маңындағы қамыс өрті 2 күннен бері жалғасып жатыр Швеция мигранттарға еліне қайтқаны үшін 32 мың еуро төлейтін болды Дональд Трамп өзін «Рим Папасымын» деп жариялады (ФОТО) Оралда студентті тонаған 21 жастағы күдікті ұсталды