Екібастұзда ер адам әйелін үйде босандырып алды

29.01.2024, 06:05
888
Екібастұзда ер адам әйелін үйде босандырып алды canva.com

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, медициналық топ шақыртуға бара жатқанда жедел жәрдем диспетчері «қоңырауды ұстап тұру» әдісі бойынша жүкті әйелдің жолдасына телефон арқылы нұсқау берді. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлап отыр.

28 қаңтарға қараған түні Екібастұзда 103 пультіне шұғыл шақыру  түсті.  Жүктіліктің 41-ші аптасында болған 36 жастағы әйелдің толғағы басталған. Медициналық бригада жеделдіктің бірінші санаты бойынша мекенжайға жіберілді.

Жедел жәрдем бригадасы шақырту орнына тоғыз минуттан кейін келді. Ақ желеңділер келген кезде бала дүниеге келген.  

Ер адам қорқынышқа бой алдырмай,  белгіленген алгоритм бойынша әрекет етті. Дүниеге келген сәби мен анасының жағдайы жақсы. Олардың екеуі де Екібастұздың перзентханасына жеткізілді, – дейді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.

Өткен жылы 103 қызметкерлері 22 әйел адамды үйде босандырған. Ал 2024 жылдың басынан бастап дәрігерлер үйде босануға алты рет барды. Көп жағдайларда «қоңырауды ұстап тұру» әдісі қолданылды.

Біздің кез келген қызметкер диспетчер немесе фельдшер босануды қабылдай алады. Жыл сайын қызметкерлерді босану кезіндегі алгоритмдерге үйретеміз. Өткен жылы біздің 100-ге жуық қызметкер неонатология бойынша біліктілікті арттырудан өтті, – дейді Ольга Вербовая.

103 қызметінде облыс тұрғындарын босану мәселелеріне мұқият қарауға және мүмкіндігінше алдын ала медициналық көмекке жүгінуге шақырады.  Себебі, бұл нәресте туған кезде барлық қауіптерді азайтуға көмектеседі.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды