Теориядан "практикаға" көшеміз: Астаналық студент ұстазынан зорлық көрген

30.01.2024, 09:51
1124
Теориядан "практикаға" көшеміз: Астаналық студент ұстазынан зорлық көрген Бейнежазбадан

"Ұстазым қол жүгіртті" деп мәлімдеме жасаған Астана медициналық университетінің студенті мұғалімдерден қысым көріп жүргенін айтты. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлап отыр.

КТК телеарнасының жазуынша, елордадағы медицина университетінің төртінші курс студенті 17 қарашада болған оқиғаны жиіркенішпен еске алады. Айтуынша, емтиханды қайта тапсыруға шақырған ұстазы сол күні ерекше ізетті, сыпайы болып көрінген. Дәрісханаға кірген бойы есікті құлыптап, терезелерді жапқан соң, профессор "теориядан практикаға" көшкісі келетінін айтқан.

“Маған "төс тартқышыңды көтер, мен жүрек қағысыңды тыңдауым керек" деді. Қорыққаным соншалық, есік-терезе жабық, ойлаңызшы, не істерімді білмей, айтқанын бұлжытпай орындадым. Сосын көкірегімді умаждап ұстай бастады. Бір орында қатып қалғанымды ғана білемін. Шамамен бір минуттан кейін есімді тез жиып алдым да, "мен қорқып тұрмын" деп айттым, ағайға. Сонда оның маған айтқан бар жауабы: "Неге қорқасың? Мен бар болғаны денсаулығыңды тексеріп жатырмын", – дейді Аида Жампейісова.

Деканатқа көз жасын тыя алмай жеткен студенттің жанайқайына ешкім құлақ асқапаған. Қайта "түймедейді түйедей етесіңдер" деп, өзге мұғалімдер келеке қылды дейді Аида Жампейісова. 

“Маған жыныстық азғындық жасаған мұғалімнің отбасы менің ата-анама тікелей қысым көрсетті. Инстаграмда әке-шешемнің аккаунттарын белгілеп, "қыздарыңның тірлігі оңып тұрған жоқ" деген пікірлер қалдырып, кінәні өзіме жаппақ болды. Одан кейін универститет мұғалімдерін де маған қарсы үгіттеді. Сабақта өзге мұғалімдер әріптесін қолдап, маған қысым көрсетті”, – дейді Аида Жампейісова.

Студенттің инстаграмдағы жазбасынан кейін профессордан жыныстық зәбір көрген әр жылдардағы тәлімгерлер өз естеліктерін жарыса жазуда. Аидадан бөлек тағы үш студент дәл осы мұғалімнен сексуалдық сипатта "жәбір көрдік" деп полицияға шағымданыпты.

“Қазір менің қорғауымдағы жәбірленушіден бөлек тағы үш азамат профессорға қатысты арыз жазды. Оның екеуі студент, ал біреуі оның пациенті екен. Яғни ол университет қабырғасынан тыс жерде ем-дом жасап, қол жүгірткен”, – дейді адвокат Саида Сүлейменова.

Жәбірленушілердің айтуынша, кей мұғалімдер медициналық тексеріс жасау кейпінде жас қыздардың әр жерінен бір ұстауды үйреншікті құбылысқа айналдырған. Жапа шеккендер мұндай мұғалімдердің атын атап, түсін түстегісі келмейді. Ал айтқандарының ізіне қазір өзге мұғалімдер түсіп, буллинг жасауда.

Қазір осы қыздардың арызы бойынша Сарыарқа ауданының полиция бөлімі істің мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап кеткен.

“Медициналық университет студентінің арызы бойынша Сарыарқа ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы “Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”, – дейді Астана қаласы Сарыарқа ауданы полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Есіркепов.

Универститет әкімшілігі оқиға бір шешімін тапқанша қызды оқудан шеттетіпті. Студент полицияға арыз жазып адвокат жалдағаннан кейін ғана сең орнынан қозғалған. Сөйтіп профессор жұмыстан шығарылған. Бірақ өзі тағылған айыпқа қатысты жауап берген жоқ. Ал Аидамен қатар арыз түсірген студенттер де профессорға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын қалайды. Қысыр әңгімеден басын арашалап, материалдық өтемақы талап етеміз деп отыр. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды