Қазақстандық оқушылар Үндістандағы робототехника чемпионатында 6 жоғары марапат алды

30.01.2024, 11:44
1011
Қазақстандық оқушылар Үндістандағы робототехника чемпионатында 6 жоғары марапат алды gov.kz

25-28 қаңтарда Қазақстан құрамасы The Goa International Robotics Festival халықаралық ашық чемпионатына қатысты. Ел намысын Екібастұз, Құлсары, Алматы және Астана қалаларының оқушылары қорғады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Үш күндік чемпионаттың қорытындысы бойынша құрама қоржыны үш жас санатындағы алты жоғары наградамен толықты. Атап айтсақ:

* FLL Explore 6 жастан 10 жасқа дейін:
«Challenge Solution» марапаты - Billion Team командасы, Екібастұз қаласының «Robopark» робототехника мектебі;
«Team model» - Jylyoi Tehnik командасы, Құлсары қаласының Е.Халыков атындағы №7 және А. С. Пушкин атындағы №6 мектеп құрамалары.

* FLL Challenge 10 жастан 16 жасқа дейін:
«Engineering Excellence» марапаты - Nova Fusion командасы, Астана қаласының дарынды қыздарға арналған лицей-интернаты;

* FTC 12 жастан 18 жасқа дейін:
1 орын «Motivate award 1st runner up» - Sana team командасы, Алматы қаласының БИЛ;
1 орын «Think award Winner» - xCellence командасы, Астана қаласының ФМН НЗМ және Astana Garden School мектептерің құрамасы;
1 орын «Inspire award 1st runner up» - Qazaq style командасы, Алматы қаласының №124, №81, №178, №206, №200 мектептерінің және Түркістан облысы, Жетісай қаласының №6 мектебі.

«Біздің командаларымыз жарысқа қатысу тәжірибесінің аздығына қарамастан өте жоғары кәсіби деңгейін байқатты. Чемпионатта тамаша ойын өрнегін көрсетіп, төл мәдениетімізді паш етті. Елімізге шетелдік командаларды шақыру үшін үлкен жұмыс атқарылды. Осылайша, ақпан айында Астанадағы Орталық Азия ойындарына Үндістан мен Шри-Ланкадан бірнеше команда қатысатынын растады», — деді «Алматы дарыны» орталығының бөлім басшысы Жанна Алмусаева.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық оқушылар өткен жылдың желтоқсан айында өткен Almaty Tech Cup республикалық турнирінде USTEM Foundation қоғамдық қоры ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған болатын.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды