Тамшылатып суару технологияларын өзімізде шығаруымыз қажет – Үкімет басшысы

30.01.2024, 12:22
1278
Тамшылатып суару технологияларын өзімізде шығаруымыз қажет – Үкімет басшысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Фермерлердің су үнемдеу технологияларын сатып алуға жұмсаған шығынының 80 пайызы субсидияланбақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

 

«Суды тиімді пайдалану аса маңызды міндеттердің бірі. Осы ретте біз су ресурстарының тапшылығы жағдайында біраз жұмыс атқаруымыз керек. Ұсынылып отырған тұжырымдама  осы бағыттағы негізгі бағдарламалық құжат болады. Оны іске асыру су ресурстарын мониторингілеу мен болжаудың нақты жүйесін жолға қоюға ықпал етеді. Бұл жүйе су қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан өте қажет», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының атап өтуінше, тұжырымдаманың маңызды бағыты — су шаруашылығына қажетті инфрақұрылымды салу және реконструкциялау.


«Көп жылдар бойы оларды күтіп ұстауға тиісті көңіл бөлінбей келді. Мысалы, Орталық Қазақстан мен Астананың басты су арнасы Қаныш Сәтбаев атындағы каналда сорғы станциялары жұмысының тиімділігі небәрі — 30 пайыз. Үлкен Алматы каналы пайдалануға берілген кезден бастап 40 жыл бойы жөндеу жүргізілмеген. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында магистральдық және шаруашылық аралық арналардың көпшілігі тозған. Нәтижесінде 40 пайыз су ысырап болуда», — деді Әлихан Смайылов.

Ол тұжырымдаманың тағы бір маңызды бағыты су үнемдеуді ынталандыру екендігіне тоқталды.

«Су тапшылығында және суды тұтынудың артуы кезінде, ең алдымен, су шығынын азайту мен оны ұқыпты пайдалану өте маңызды. Біз қазір фермерлерге су беру құнын субсидиялап отырмыз. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын сатып алуға жұмсалған шығынның 50 пайызын өтейміз. Биыл бұл межені 80 пайызға дейін көтеру жоспарлануда», — деді Үкімет басшысы.

Дегенмен, Премьер-Министрдің айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, елімізде су үнемдеу жүйелерін енгізу үлесі төмен деңгейде қалып отыр.


«Мысалы, тамшылатып суару жүйесін қолдану 312 мың гектарда жоспарланған. Ал қазір ол 84 мың гектарда ғана қолданылады. Технологиялар құны қымбат. Оған диқандардың көпшілігінің шамасы жетпейді. Сондықтан оларды өзімізде шығаруды қолға алу керек. Мұндай жобалар қазірдің өзінде талқылануда. Оларды іске асыруымыз қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды