"Сау әйелден саналы ұрпақ туады": Фариза Төреәлі ер адамдарға ақыл айтты

30.01.2024, 13:40
1634
"Сау әйелден саналы ұрпақ туады": Фариза Төреәлі ер адамдарға ақыл айтты farizatoreali

Танымал блогер, кәсіпкер, коуч Фариза Төреәлі жүкті келіншектерге ақылын айтты. Бұл туралы ол өз парақшасында жазды.

Блогердің айтуынша, жүкті әйелдер өздерінің денсаулығын күтіп, дені сау баланы дүниеге әкелуі керек. 

“Жақындарыңыздың арасында жүкті әйел болса, оған максимум қолдау білдіріңіз. Көп жақсы сөз айтыңыздар, әсіресе ер адамдардың назарына. Жақсы, саналы, психикасы қалыпты, дені сау, тыныш ұрпақ қаласаңыз, әйеліңізді мәпелеңіз, көңіл-күйіне мән беріңіз, күйзеліске түспеуін қадағалап көп ашық сөйлесіңіз. Себебі барлығы жүктілік кезден бастау алады. Көбі "Ол бала әлі өмірге келмеген, ештеңе білмейді, естімейді, есінде қалмайды да ғой" деп ойлауы мүмкін. Ол – үлкен қате. Баланың бейсанасында бәрі жазылып жатады, солай программасы қалыптасады. Болашақ өміріне кейін әсер ететін дүниелер құрсақтан басталады. Тіпті әйелдің жаман көңіл-күйіне әсер еткен ситуация құрсақтағы баланың бейсанасына әсер етіп, кейін дүниеге келіп есейген соң оның өміріне кері әсерін берген жағдайлар өмірде өте көп кездеседі”, – дейді Фариза.

Миы шайқалды: Таразда жүкті келіншектің басына бағдаршам құлаған

"Көлікте отырған әйелінің аяғы ауыр, жағдайы нашарлап жатыр": Төреғалидың адвокаты атышулы әншінің отбасындағы сұмдық деректерді айтты

Сондай-ақ блогер жүкті келіншекке айтар кеңесін де жіпке тізді. 

“Иә, үлкен жауапкершілік болғасын саналы түрде ана болуға дайын болу керек деп ойлаймын. Мынаны есіңізге сақтаңыз: Аллаға жақындаңыз, өте көп дұға етіңіз. Жүкті әйелдің дұғасы қабыл. Жаман әдеттерден арылыңыз, бос әңгіменің орнына жақсы білім алыңыз. Тек позитивті жаңалықтар естіңіз, негативтен максимум аулақ болыңыз! Сізге рахат алып келетін істермен шұғылданыңыз, бақыт гормондары көп бөлінеді. Көбірек руханиятқа мән беріңіз: намаз, салауат, дұға, зікір айтыңыз. Баламен көп сөйлесіңіз, ол бәрін сезеді. Сәбиіңіз үшін дұғаларды тоқтатпаңыз, ата-ананың балаға деген дұғасы қабыл”, – деп жазды блогер. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды