Канвон-2024: Классикалық шаңғыдан қыздар арасындағы дода аяқталды

30.01.2024, 15:59
861
Канвон-2024: Классикалық шаңғыдан қыздар арасындағы дода аяқталды Сали Сабиров

Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында классикалық шаңғы жарыстарынан 7,5 шақырымдық қыздар бәсекесі мәресіне жетті.

 

Kazinform хабарлауынша, аталған сында Қазақстан намысын Виолетта Митропольская мен Милана Мамедова қорғаған болатын. Өкінішке қарай екеуі де жүлделі орындарға іліне алмады. Виолетта Митропольская 7,5 шақырымдық қашықтықты 24:06.8 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын 25-ші болып кесіп өтсе, Милана Мамедова 27:28.8 уақыт көрсеткішімен 52-орынға табан тіреді.

Жарысқа 78 спортшы қатысты.

1-орын – Нелли - Лотта Карппелин – 22:19.6

2-орын – Франция - Агазе Маргрейзер – 22:30.1

3-орын – Франция - Аннете Коупат – 22:32.3

25-орын – Қазақстан - Виолетта Митропольская – 24:06.8

52-орын – Милана Мамедова – 27:28.8.

Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.

Биатлон, керлинг, конькимен сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынауда.

Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды