Астанада полицейді көлігімен сүйреген мас жүргізуші ұсталды

30.01.2024, 16:22
453
Астанада полицейді көлігімен сүйреген мас жүргізуші ұсталды Polisia.kz

Астаналық мас жүргізуші полицейдің заңды талабына бағынбай, көлігімен сүйреген. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

 

Жергілікті рейдтік іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері KIA көлігінің жүргізушісін мас күйінде ұстады. Хабарлама күндізгі уақытта "102" пультіне түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Мәскеу мен Потанин көшелерінің қиылысында жолдың қарсы жағындағы KIA көлігін анықтаған.

Сақшылардың тоқтату талаптарын елемеген жүргізуші жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіріп, көлікті жүргізуін жалғастыра берген. Алайда ол көше қиылысында алдынан көліктер тұрғандықтан бағдаршамның қызыл түсіне тоқтауға мәжбүр болған. Осы кезде полицей көлікке жүгіріп келіп, есікті ашпақ болғанда жүргізуші жылдамдықты арттырып, инспекторды жол бойымен 20-30 метрдей сүйреп әкеткен. Өз өмірін қауіпке тігіп, құқық бұзушының көлігін арпалысып жүріп тоқтатқан полицейлер оны салоннан алып шығып, дереу тиісті шара қолданған.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде басқарғаны белгілі болған. Сонымен қатар 23 жастағы жас жігіттің жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталған.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік кодекстің екі бабымен – ішкі істер органы қызметкерінің заңды талабын орындамау және масаң күйде басқаруға құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы бойынша іс қозғалды. Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

«Базардан алып, балаларыма да бермей жедім»: Әйел балық жеймін деп аяқ-қолынан айырылған Танымал түрік актері Бурак Өзчевит қазақ баласының тұсауын кесіп берді (ВИДЕО) «Сот небәрі 15 минутта шешім шығарды»: Оқушыларға қалдық тамақ берілетінін әшкерелеген мұғалім сотталды Астанада су қымбаттап, жылу арзандады Астаналық 3-сынып оқушысы қаладағы жаңа автобус бағытының авторы атанды Мектеп әкімшілігі жетім балаларды байдың қызынан тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлеген (ВИДЕО) Нұрлан Еспановтың ұлы сүйіктісімен заңды некеге тұрды (ФОТО) 61 жастағы мұғалім оқушы қызға тиісіп, оған махаббат хаттарын жолдаған «Путинге сыйлық»: Ким Чен Ын Ресейге 15 мыңға жуық еңбек мигрантын жіберді Әкімдік мектептегі мұғалімдер бөлмесін шаштаразға жалға берген (ВИДЕО) 19 жастағы қыз ер адамды контент үшін ұрып-соққан Атырауда Бибігүл Шпанованы үйінде зорлап, өлтіріп кеткен қаскөй сантехник қамауға алынды «Шерзаттың қолында кастет болды»: Айыпталушы Дархан Аскентай сотта өз нұсқасын айтты «Жалғызсың ба?» деп сұрап, басқа көлікпен келді»: қыз InDrive жүргізушісінің әрекетіне шағымданды Сара Алпысқызының денсаулығы күрт нашарлады – Әлеуметтік желі «Балалары көршілерді шақырған»: Алматыда полицей өз әйелін пышақтап өлтірген Шерзат сотындағы күдікті: «Қойыңдар дедім де, кетіп қалдым» Сотта Шерзатқа кімнің пышақ салғаны айтылды Түрме әкімшілігі байқамай аса қауіпті қылмыскерді босатып жіберген Qazaq Air әуе компаниясының атауын вьетнамдық инвестор өзгертті