Астанада бірқатар ұрлыққа қатысы бар әккі ұры ұсталды

30.01.2024, 18:48
607
Астанада бірқатар ұрлыққа қатысы бар әккі ұры ұсталды Polisia.kz

Елордалық полицейлер бірқатар ұрлыққа қатысы бар әккі ұрыны қолға түсірді. Халықаралық іздеуде болған азамат ірі қалаларда жасалған бірнеше ұрлық қылмысына қатысты деген күдікке ілінген. Бұл туралы smartnews.kz хабарлап отыр.

 

Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері Қарағанды қаласынан 33 жастағы ер адамды ұстаған. Тексере келгенде күдіктінің Астана қаласында 9 ұрлыққа қатысы бар екені анықталған.

Атап айтқанда, балабақша меңгерушісі оның кеңсесінен белгісіз біреу iPhone 13 Pro Max телефонын ұрлап кеткенін айтып, полицияға арызданған. Кейінірек ұры банктің мобильді қосымшасынан 1 млн 700 мың теңгені қолма-қол ақшаға иемденіп алған. Әккілігі сондай оған телефонды блоктан өшіру оған қиын болмаған. Смартфонда әдепкі орнатылған PIN кодын да анықтау көп уақытын алмаған. Сөйтіп күдікті олжасын алған оң ұрланған iPhone 13 Pro Max телефонын сатып алушыға саудалап жіберген.

Ол тағы бір жағдайда, кинотеатр бөлмесінен ұрланған құны 400 мың теңге тұратын Lenovo маркалы ноутбугі мен проекторы болған. Үй-жайға кірген күдікті әкімшінің жоқ екенін байқап, еш именбестен жабдықты алып кеткені белгілі болған. Сондай-ақ, күдіктінің заңсыз әрекеті массаж салонының үй-жайына кірген кезде камераның объективіне түсіп, ол жерден 2 дана Acer ноутбугін жымқырып кеткен.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат ұрлық жасағанын мойындап, оның бұрын жасалған қылмыстарға қатысы тексерілуде. Ол заттай айғақтарды сатып алушыларға арзан бағаға сатқанын жасырмаған. Күдіктіге қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды