Коммуналдық тарифтер өзгереді – Ұлттық экономика министрі

30.01.2024, 19:13
544
Коммуналдық тарифтер өзгереді – Ұлттық экономика министрі Виктор Федюнин / Kazinform

Қазақстанда барлық коммуналдық қызмет бойынша тариф өседі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтып берді.

 

«Су бойынша тариф өте төмен. Өткен жылы БҚО-ға барғанымда бір текше су 44 теңге болған. Әрине, суды тиімсіз пайдалану болады. Егер моншаға барсаңыз судың ағыл-тегіл төгіліп жатқанын көресіз. Су – ең маңызды ресурс, сондықтан оны үнемдеу керек. Тариф өседі. Қазір су бойынша 200-500 теңге төленеді, мұнда агрессивті түрде көтеруге болады. Әйтпесе, еш үнемдеу болмайды», - деді Әлібек Қуантыров Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, тарифтер жыл сайын түзетіліп отырады, өйткені тарифтік бағдарлама жеті жылға созылады.

«Мұнда бәрі біртіндеп жасалады, халық пен бизнес үйреніп, инфляцияға сәйкес келуі керек. Мердігерлер мен құрылыс ұйымдары физикалық тұрғыдан бәрін жаңарта алуы қажет. Бұл негізінен сумен жабдықтау, су бұру үшін жасалады. Көше жұмыстары секілді маусымдық жұмыстарды қыста жүргізу қиын. Орташа алғанда, кейбір субъектілер мен ТКШ түрлері бойынша тарифтер 10-15% өсуі мүмкін. Белгілі бір шектен асырмауға тырысамыз. Әйтпесе, әлдеқайда жоғары өсім болар еді. Тек инфляцияны ұстап тұру керек», - деп түсіндірді ол.

Тарифтің өсуі барлық қызмет түрлерін қамтиды, өйткені барлық инфрақұрылымның тозуы байқалады.

«Әсіресе кәріз жүйесі қатты тозған, ал төленетін ақысы өте аз. Орташа алғанда, екі бөлмелі пәтер кәріз үшін 200 теңге төлейді. Мұны көтеру керек. Тарифтің жалпы өсуінің қалтаға салмақ салмауын да ескереміз. Сонымен қатар, биыл тағы 40 мың отбасына тарифтердің өсуі үшін өтемақы төлеу жоспарлануда. Бұрын тарифтер отбасы табысының 20%-дан астамына жетсе, өтемақы берілетін. Қазір бұл шек 10%-ға дейін төмендетілді. Яғни көбірек отбасыны қамтимыз», - деді Ә. Қуантыров.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды