"Актерлармен араласпаймын": Аянат Есмағамбетова "Көшпенділер" фильмі туралы айтты

31.01.2024, 03:46
1535
"Актерлармен араласпаймын": Аянат Есмағамбетова "Көшпенділер" фильмі туралы айтты Youtube/Dinara Satzhan

Отандық танымал актриса Аянат Есмағамбетова өзін халыққа танытқан "Көшпенділер фильмі туралы айтып, түсірілім кезін есіне алды. Өнер иесі тарихи туындыдан кейін не себепті ұзақ уақыт киноға түспей кеткенін түсіндірді.

KAZ.NUR.KZ хабарлауынша, Аянат Есмағамбетова "Көшпенділер" фильміне түскенде небәрі 16 жаста болған.

Актриса әлемге танымал актерлармен бір түсірілім алаңында жұмыс істеген қиын болмағанын айтты. Ол шетелдік жұлдыздардан көп нәрсе үйреніп, үлкен тәжірибе алғанын жеткізді. Алайда Есмағамбетова бүгінде өзі шеиелде тұрса да, "Көшпенділерге" түскен актерлармен араласпайтынын айтты.

"2005 жылы “Көшпенділер” фильміне түстім. Ол кезде жасым 16-да еді. Мені халыққа танытқан ең мықты жоба болды. "Көшпенділерді" де халық әлі ұмыта қойған жоқ. Әбілмансұрдың сүйіктісі Гауһарды сомдадым. Фильмге қазақ актерларымен қатар шетелдік кино жұлдыздар да түсті. Олармен жұмыс істеу оңай болды, көп нәрсе үйрендім. Бүгінде өзім шетелде тұрсам да сол актерлармен араласпаймын. Осы фильмнен өте көп тәжірибе жинадым. Атқа отыру, ат үстіндегі трюктарды өзім жасадым", – деді өнер иесі "DS` Show" бағдарламасында.

Сонымен қатар актриса "Көшпенділер" фильмінен кейін неге ұзақ уақыт бойы киноға түспей кеткенін ашып айтты. 

"Мен қазақтар туралы, біздің тарихымыз жайлы жоба жасағым келеді. Америкада маған түрлі ұсыныстар түсті. Бірақ мен Америкада тек Қазақстанға, қазақтарға байланысы бар рөлге ғана келісер едім. Келесі рөлімнің өз еліме қатысы болғанын қаладым. Қазақстанда да, шетелде де таныстарым болды. Ұсыныстар білдіріп жатты. Бірақ мен осы шешімге келіп, біраз уақытқа үзіліс алдым. Мен үшін рөлдің саны маңызды емес, сапасы маңыздырақ. Сол себепті мен өзіме сай келетін рөлді қанша болса да күтуге дайынмын", - деді Есмағамбетова. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды