"Ешкім алғысы келмеді". Барлық марапатынан бас тартқан Әли Оқапов шешімінің анық-қанығын түсіндірді

31.01.2024, 09:55
1316
"Ешкім алғысы келмеді". Барлық марапатынан бас тартқан Әли Оқапов шешімінің анық-қанығын түсіндірді aliokapov

Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы, "Құрмет" орденінің иегері Әли Оқапов "Tansholpan" бағдарламасына берген сұхбатында өзіне берілген барлық марапаттан бас тартамын деген уәжінің анық-қанығын түсіндірді. Бұл туралы Massaget.kz хабарлап отыр.

Әншінің айтуынша, қазіргі уақытта бұған дейін табысталған барлық сый-марапат өзінде қалған. 

"Былтырғы жылдың үлкен жаңалықтарының бірі менің "Құрмет" орденін алғаным болды. Бұл туралы алғашында білгенімде,  әрине, еңбегімнің бағаланып отырғанына қатты қуандым. Дегенмен Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырғандықтан, мен өзімді ыңғайсыз сезіндім. Анам үнемі "бірінші орында халық" деп айтып жүреді, осыған байланысты халықтың, қазақстандықтардың пікіріне бағынып, осындай шешім қабылдадым.

 Бірақ, заң бойынша әртіс мемлекеттік сыйлақтардан бас тарта алмайды екен, егер де бас тартсам менің жағымсыз әрекетім ретінде көрінеді. Сондықтан, мен заңға бағынамын, маған сенім артқан жандарды құрметтеймін, қазір ресми тұрғыда мемлекет берген атақтар өзімде қалды.

Ал басқа ұйымдардың түрлі атақ, сыйлықтар үйімде жатыр. Өйткені ол бағдарламаның көп бөлігі қазіргі уақытта жабылып қалған, оны қайтарып беретін адамдар да жоқ. Мен негізі алып кетіңіздерші деп ұсындым, бірақ оны ешкім алғысы келмеді. Бұл өмір ғой, бәріне бірдей ұнау мүмкін емес және ол керек те емес", - деді ол.

 

Қазақстанда бір күнде үш рет жер сілкінісі тіркелді Бүгін еліміздің 4 өңірінде ауа сапасы нашарлайды «Дауылды ескерту!»: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО) «Шақыртуды үйімнің төріне қоямын»: Заттыбек Көпболсынұлы «Ақмаржан» хитінің авторына құрмет көрсетті (ВИДЕО) «Қой сойып, шығарып салдым»: актер Шәріп Серік тағдыры ауыр кейіпкерді сомдаған соң психологиялық ауытқу сезіне бастаған (ВИДЕО) «Қажылыққа апаруды армандап едім»: танымал блогер Дамеля ата-анасымен кіші қажылыққа барды (ФОТО) «Енелер келінін суреті арқылы дуалайды»: алматылық емші сұмдық тапсырыстары туралы айтты «Жартылай жалаңаш»: Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды (ВИДЕО) «Бір жыл, екі ай төледім»: танымал блогер үйлену тойын несиеге жасаймын деп күйзеліске түсті (ВИДЕО) Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді Блогер Дархан Жолшыбеков 300 миллион теңгеге алған зәулім үйін оқырманына тегін сыйға бермек (ВИДЕО) Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді «Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан Әлімхан Сыздықов әлем чемпионы атанды «Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған?