“Өмірімнің жалғасысың”: Бағлан Әбдірайымов әкесінің соңғы хатын жариялады
Танымал әнші Бағлан Әбдірайымов әкесінің соңғы хатын әлеуметтік желіге жариялады.
"Бақа... Менің ақылшым... Құдай қуат...Әдемі ой өрісің мен үшін бақыттың шексіз тәрбиесі... Сен менің өмірімнің жалғасысың", - делінген хатта.
Әншінің өзі әкесінің соңғы хабарламасынан шабыт алатынан жазған.
"Әкешімнің соңғы смс. Оқимын да жұбанамын. Шабыт аламын", - деп жазды ол.
