"Әжем теріс бата берген": Актер Шерхан Пірназар балалық шағын есіне алды

31.01.2024, 12:13
1430
"Әжем теріс бата берген": Актер Шерхан Пірназар балалық шағын есіне алды Видеодан алынған кадр

Отандық киноларда бой көрсетіп жүрген танымал актер Шерхан Пірназар балалық шағы туралы “Сәлем, Европа” youtube арнасында айтты.

Stan.kz хабарлауынша, өнер иесінің әке-шешесі ажырасып, әжесінің бауырында өскен. 

“Мен әжесінің баласы болып өстім. Ол кісі сегіз бала тапқан, біреуі қыз, тоғызыншысы мен болдым. Жатса да, тұрса да жанынан тастамайтын. Әжемнің жеті баласы бір үйде тұрған. Жеті келіннің ішінен менің мамамды ерекше жақсы көріп, тірлік істетпей еркелеткен. Бірақ әке-шешем ажырасып кетті. Сол кезде қатты жылағаным есімде. Сонда әжем өз баласына “немеремді жетім еттің” деп қатты ұрысқан. Сол кеткеннен әкем үйге келмеді. Төрт жыл бұрын ғана көрістік. Қанша дегенмен әкенің аты – әке екен. Оған дейін бетпе-бет кездескенде бәрін айтамын деп кіжініп барған едім. Бірақ оның бәрі көрген кезде ұмытылып, ашық сөйлестік. Әкем: "біз ажырасқанда әжең, "менің немеремді жетім қылдың" деп маған теріс батасын берген еді, сол жағдайдан кейін жолым болмады" деп өкінді", –дейді актер. 

Айтуынша, әжесі өмірден өтер кезде Шерханды ұл-қыздарына ерекше аманаттап, үйленсе тойын жасап беруді тапсырған көрінеді. 

“10-сынып оқып жүргенде әжем дүниеден өтті. Ауылдан ағам келіп, мені сұрап әкетті. Барсақ әжем өмірден өткен, адамдар жерлеу үшін табытқа салып, мені күтіп тұрған екен. Қоштасып үлгердім. Әжем "Шерхан үйленсе тойын өздерің істеп беріңдер" деп балаларына аманаттап кеткен екен. Содан мен үйленіп, той жасауға келгенде өз жұртым мен нағашыларым таласып қалды. "Біздің де той жасауға жағдайымыз жетеді, олай болса құдаларды біз де күтеміз. Тойдың шығынына да біз өз үлесімізді қосамыз" деп шарт қойып, екі жақ абыроймен атқарып берді”, – деп шаңырақ көтерген сәтін еске алды

Сонымен қатар, актер әкесі тастап кеткеннен кейін анасы екеуінің өмірі қалай өрбігенін де жасырмады.  

“Әкеміз кеткеннен кейін анам мені ойлап екінші рет тұрмысқа шықпады. Нағашылардың қолында өстім. Бірақ өте қиын болды. Себебі менің әкем де, оның бауырлары да ауылда атыс-шабыс, төбелеске жақын өскен. Пірназар әулеті сондаймен атышулы еді. Кейін анам ажырасып, төркініне қайтып келгенде нағашыларым "сен әкеңе тартқансың, бұл жиен адам болмайды" деп кекетіп, айта беретін. Ол сөзді естіген сайын әжемнің мейірімін, махаббатын аңсап, жылаушы едім. Есейіп, Алматыға оқуға кеткенде де "Ой, сенің Шерханың адам болмайды, оқып жүр дейсің бе, ішіп, қуып жүрген шығар. Көресің, ол да әкесіне ұқсап, әлі сені қан қақсатады" деп айта берген екен", – деп ағынан жарылды актер. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды