Maqsut Narikbayev University журналистика мектебінің студенттері Tengrinews стипендиясының иегерлері атанды

31.01.2024, 15:22
794
Maqsut Narikbayev University журналистика мектебінің студенттері Tengrinews стипендиясының иегерлері атанды Maqsut Narikbayev University

Өткен жылы 27 қарашада қол қойылған Maqsut Narikbayev University мен «Алаш Медиа Групп» ЖШС арасындағы екіжақты меморандумға сәйкес, халықаралық журналистика мектебінің студенттеріне арналған Tengrinews.kz стипендиясына конкурс жарияланған болатын. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Аталған стипендияның мақсаты – Қазақстандағы жоғары оқу орындарының журналистика мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық қабілетін қолдау.

Бүгін салтанатты шарада MNU Халықаралық журналистика мектебінің үш студенті -  Қапбаева Анела, Алшоразова Диана және Тұрарбек Жайнаға Tengrinews.kz стипендиясы табысталды.  Стипендия иегерлерінің барлығы «Журналистика: аналитика және тергеу» мамандығы бойынша 2-курста оқиды.

Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасы Талғат Мақсұтұлы Халықаралық журналистика мектебінің студенттері жаңа заманауи әдіс бойынша білім алып жатқанын атап өтті.

 «Біз студенттерге жаңа әдістерді үйрете отырып, кәсіби журналистерді қалыптастыруға ұмтыламыз. Оқу материалының 70%-ы ағылшын тілінде, ал қалған 30%-ы мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылады. Бұл студенттерге бастапқы дереккөздерді пайдалануға және әлемдік ақпараттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Оқытудың көп бөлігі әлемнің жетекші университеттерінде оқыған, тәжірибесі бар оқытушылармен, ағылшын тілінде жүргізіледі», - деді ол.

Аталған шараға Tengrinews Бас редакторы Айсұлтан Кұлшыманов қатысты. Ол құттықтау сөзінде журналистиканың үлкен күшке ие екенін атап өтті.

«Сіздерге қарап, мен студенттік жылдарымды есіме түсіремін. Сіздер дұрыс мамандықты таңдадыңыздар. Мен университетті бітіргеніме шамамен он жыл болды, алғашқы күндері мен қайда және қалай жұмыс істейтінімді білмедім, елестете алмадым. Сосын журналистикада бір жыл жұмыс істегеннен кейін, оның қаншалықты керемет және маңызды мамандық екенін, оның өмірдің барлық салаларына қаншалықты әсер ететінін түсіндім. Компьютерде, планшетте және ноутбуктежазған мақалаларыңыз, түсірген суреттеріңіз және видеоларыңыз бұл үлкен күшке ие. Қазіргі уақытта журналистика тоқырауда, бұл салада жаңа көзқарас қажет», - деді Айсұлтан Кұлшыманов.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында халықаралық журналистика мектебі ҚР Президентінің Телерадиокешенінің қолдауымен ашылған.

Стипендия иегерлерін лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз және журналистика саласында табыс тілейміз!

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды