Қазақстанда ер адам өз бүйрегін 18 мың долларға сатпақ болған

31.01.2024, 16:08
829
Қазақстанда ер адам өз бүйрегін 18 мың долларға сатпақ болған polisia.kz

Қазақстандық өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, оны интернет арқылы сатуға тырысқан. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Автор желі қолданушыларына өз мүшесін сататынын айтқан, бірақ оны шығарып алу операциясына қатысты барлық келісімді алушы ұйымдастыруы керек еді.

Танымал әлеуметтік желідегі ерекше хабарландыруға Ақмола облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шықты.

Бірнеше апта бойы полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, нәтижесінде трансплантация жасау және ақша төлеуге келісті. 

Көкшетау қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері, ақша беріп жатып күдіктіні ұстады. 

"Алғашқы тергеу кезінде полицейлер ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы, бірақ елордада тұратынын анықтады. Қатысушының өзі ойынға тәуелділіктен қарызға батып қалғанын, соны төлеу үшін осындай қадамға барғанын айтты", - делінген хабарламада.

Осы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. 

«Ол саған малай емес»: Ерке Есмахан үйін тазалатамын деп басы бәлеге қалды Балаларды қорғау күніне орай «Ордабасы» футбол клубының мүшелері шеберлік сабағын өткізді «Жасым келді ғой»: Нұрлан Еспанов 10 жылдан бері атақ алмай жүргеніне ренжіді Бизнес үйретемін деп жұртты алдаған ақтаулық коучқа үкім шықты Жалғызбасты ана өзін бірнеше ер адам ұрлап әкетіп, мәжбүрлеп жындыханаға жатқызғанын айтты (ВИДЕО) «Мейрамхана, лимузин, от-шашу»: Ақтаудағы балабақша түлектерінің бітіру кеші жұрт талқысына түсті (ВИДЕО) Қарағандылық әке 16 жастағы қызын бір топ еркек зорлап кеткенін айтты «Елден шығуға болмайды деп айтпады»: Ақнәрдің өліміне күдікті қыз сұхбат берді (ВИДЕО) Астанада жасөспірімнен ақша бопсалаған төрт адам 10 жылға сотталды «Мені кемсітті»: Соңғы қоңырауда жас түлек мектеп директоры туралы шындықты айтып кетті Тұрсын Алагөзов 100 қызметкеріне 100 баспана сыйлады «Ақиқат үшін жұмыс істедім»: Шерзаттың адвокаты соттан шеттетілгенін айтты (ВИДЕО) Германия канцлері Фридрих Мерц Израильді сынға алды Атыраулық келіншек сырғасын шешуге құтқарушыларды шақырған Енді ChatGPT де Қазақстанға қосымша құн салығын төлейді Макрон әйелінің әрекеті туралы түсіндірді (ВИДЕО) Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады Майра Мұхамедқызы Қытайда профессор атанды Шымкенттік ер адам зообақта түйеқұсты бір тепті «Тілімді алады»: Досымжан Таңатаров не үшін 30 жылдан бері әйелін жасырып жүргенін айтты (ВИДЕО)