Атырауда 20 күн сабаққа бармаған оқушының анасына айыппұл салынды

01.02.2024, 11:58
978
Атырауда 20 күн сабаққа бармаған оқушының анасына айыппұл салынды canva.com

Атырауда 3-сынып оқушысы 20 күн бойы сабаққа бармаған. Ұлының дәлелсіз сабақтан қалғаны үшін анасына айыппұл салынды.

Kazinform хабарлауынша, Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқушының сабақтан қалуына анасы кінәлі деп танылған.

«Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Ж.-ның ұлы, 3-сынып оқушысы дәлелсіз себептермен 20 күн бойы сабаққа қатыспаған. Оқушының анасы Ж. кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оған білім беру, сондай-ақ күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Құқық бұзушы Ж. өзінің кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін білдірген. Сот қаулысымен кәмелетке толмаған баланың анасы кінәлі деп танылды.

«Сот шешім қабылдар кезде құқық бұзушының жеке басы, отбасылық және материалдық жағдайы, құқық бұзушылықтың сипаты ескерді. Сот қаулысымен кәмелетке толмаған ұлдың анасына 24 мың 150 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындады», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды