Апелляциялық сот Mudarabah Capital бойынша вайнерлерге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Сот Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша апелляциялық шағым бойынша үкім шығарды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
Сотталғандар арасында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар.
Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Mudarabah Capital қаржы пирамидасының жетекшілері мен қатысушыларына қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады.
«Судьялар алқасы тараптардың өтініштері мен дәлелдерін зерделей келе, үкімді өзгерту немесе жою үшін негіздерді анықтаған жоқ. Осыған байланысты сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылып, апелляциялық шағымдар қанағаттандырылған жоқ»,- деп хабарлады қалалық соттан.
Үкім заңды күшіне енді.