19035

"Жақында той": Мәдина Сәдуақасова елді елең еткізетін сүйінші жаңалығымен бөлісті

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова желіде елді елең еткізер жаңалығымен бөлісіп, көпшілікті қызықтырып қойды.

"Жақында той": Мәдина Сәдуақасова елді елең еткізетін сүйінші жаңалығымен бөлісті
sadvakasovamadina

"Жақында той" деп елді қызықтырып қойған ол, қандай той болатынын айтпаған.

Желі қолданушылары әншінің жұмбақ жазбасына түрлі болжамдарын жаудырған. 

"Қандай той екен?", "Қырыққа келгенде сенде қоймадың ғой, жасырмай айта салсаң болмай ма?!", "Тойың тойға ұлассын, не дейміз енді?!", "Қуанышты жаңалығы болып тұр ғой, аяғы ауыр ма екен" деп жазды олар.