1385

«Жеңісімнің бастамасы»: Айшолпан Тілеутай операциядан кейінгі өзгерісті айтты

Асқазанына екі рет операция жасалған айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай желідегі парақшасында Ыстамбұлда 8 келіге арықтағанын айтты.

«Жеңісімнің бастамасы»: Айшолпан Тілеутай операциядан кейінгі өзгерісті айтты
aikyn.kz

Айтуынша, Түркияға келгенде салмағы 135 келі болған.

«Қайырлы кеш, баршаңызға! Ыстамбұлға 135 келі болып келгенмін. Әне-міне дегенше – 8 келі тастаппын. Жеңілдеп қалдым», –  деп жазған ақын. 

Aikyn.kz хабарлауынша, сонымен қатар ол отадан кейін күніне бірнеше мың қадам жүретінін айтады.

«Теңіз жағасында күніне 10 мың қадам. Бұл қала менің жеңістерімнің бастамасы!», – деп жазған ақын.