«Сен кімсің деп айтар едім». Бадықова киносын сынаған Тұрсыновқа жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
02.02.2024, 13:17
13555
«Сен кімсің деп айтар едім». Бадықова киносын сынаған Тұрсыновқа жауап берді collage smartnews.kz

«Халықтың деңгейі дейтіндей» сен кімсің?»

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, жақында белгілі киножериссер Ермек Тұрсынов актриса Дариға Бадықова түсірген «Таптым-ау, сені» фильміне сынға алған болатын. «Мұны көргенше, өліп кетуім керек еді» деген Тұрсыновтың сөзі Бадықоваға ұнамай қалған. Бұл туралы El.kz жазды.

«Кей сынға, мінге бас қатырмау себебім, менде үлкен қару – халық бар. Ел қол соғып, көрерменнің көңілінен шығу үшін барынша шынайылық керек. Менде пендемін ғой. Менің қателіктерім өте көп. Менің тек өнерімді ғана қабылдаңыздар деймін», – деді актриса Aq pen Qara подкастында.

Ол осы ретте өзі түсірген «Таптым-ау, сені»  фильмін сынға алғандарға жауап берді.

«Халықты төмендетіп, «Деградация», «Халықтың деңгейі жеткен жері осы екен», «Халық деген осындай» деп, уын шашып отырғандар бар. Халықты қолыңа қару қылып, манипуляция жасайтын сен кімсің? Ермек аға болсын, басқасы болсын, «Халықтың деңгейі дейтіндей» сен кімсің? Қазір әрбір үйде 1 045 арна бар. Халық қазір өзі біледі не көретінін. Үш арна көріп отыратын баяғыдай 90-жылдар емес қой. Халықты төмендетіп, өзін биік ету – мен үшін өте төмен деңгей. Кімсің сен, халықты төмендететін? Халық өнерді әртүрлі қабылдайды. Халықта жүрек бар, жан бар. Әркімнің өз тұрмыс-тіршілігі, бала-шағасы бар. Халық өзіне керегін алып, керек емесін сызып тастайды. Олар да ақымақ емес қой. Халық қорқынышты фильмді де көреді. Желіні ашады да, қалаған жанрын көреді. Біз бірнәрсе түсірсек, «Ондайды көрмеу керек. Соттау керек» дейді. «Таптым-ау, сені» фильмі қандай сотқар нәрсе көрсетеді? Қазақтың қанын шығарды ма?»,  – дейді Дариға Бадықова.

Айта кетейік, Ермек Тұрсынов «Мүмкін емес» бағдарламасында актриса Дариға Бадықова түсірген «Таптым-ау, сені» фильмі деградация деп айтқан.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді