1326

АҚШ елшісі Азаттық радиосына аккредитация бермеу мәселесінен хабардар екенін айтты

Елші Масс-медиа заңы туралы не деді?

АҚШ елшісі Азаттық радиосына аккредитация бермеу мәселесінен хабардар екенін айтты
tengrinews.kz

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм елде талқыланып жатқан Масс-медиа туралы заң жобасы мен Азаттық радиосының аккредитациясы мәселесі жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы Ulysmedia жазды.

Шынында да, Азаттыққа, оның аккредитациясына қатысты ол жағдайдан хабардармыз. Қазақстан үкіметімен осы жөнінде талқы өткіздік. Бізге медианың тәуелсіздігі мен сөз еркіндігі маңызды. Үкіметпен диалогта талқылап жатқан негізгі мәселелер осы, – дейді Дэниел Розенблюм.

Қазақстанда аккредитация алмаған шетел ақпарат құралдарының қызметіне тыйым салу ұсынылып жатыр. «Масс-медиа туралы» заңына толықтырулар Азаттық журналистеріне аккредитация бермеу жалғасып жатқан тұста жарияланды.

Материал авторы