«Жүлде қоры 12 млн доллар»: қазақстандық тұлпар Қабирхан тағы бір бәйгеге қатысады

Аиса Махамбет Редактор
02.02.2024, 19:25
1455
«Жүлде қоры 12 млн доллар»: қазақстандық тұлпар Қабирхан тағы бір бәйгеге қатысады facebook.com/redstablesdubai

Жарыс 30 наурызда өтеді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қазақстандық сәйгүлік Қабирхан наурызда тағы бір бәйгеде бақ сынайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ НТК телеарнасының Youtube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап жазды.

Сәйгүліктің иесі Тілек Мұханбетқалиевтің сөзінше, Қабирхан 30 наурызда Dubai Wold Cup жарысына қатыспақ. Бұл бәйгенің жүлде қоры – 12 миллион доллар.

Қабирхан 26 қаңтарда Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турниріндегі жеңісі үшін 1 миллион долларға ие болған еді. Сәйгүліктің иесі Тілек Мұханбетқалиев бұл қаржыны қайда жұмсайтынын айтты.

"Ол ақша әлі түскен жоқ. Түссе, ат спортына жұмсалады", – деді Тілек Мұханбетқалиев НТК телеарнасына берген сұхбатында.

Қабирхан – АҚШ-та дүниеге келген таза ағылшын тұқымды жылқы. Оны 1,5 жасында батыс қазақстандық атбегі Тілек Мұханбетқалиев сатып алған. Алғашында Кабирхан алматылық ипподромда бапталып, небәрі 2 жасынан бастап Қазақстанның 9 бәйгесінде топ жарған. Ал 3 жасында тәжірибелі бапкер Дуг Ватсонның қарамағына Ресейге жіберілген. Сосын сәйгүлік Дубайға аттанды.

Еске салайық, Қабирхан Дубайдағы Al Maktoum Challenge (1-топ) Presented by Longines бәйгесінде мәреге бірінші болып жеткен еді. Жарысқа 12 тұлпар қатысты. Олар 1900 метр қашықтықта сынға түсті. Шабандоз Патрик Доббс мінген қазақстандық сәйгүлік Кабирхан 1 минут 57 секундта мәре сызығын бірінші болып кесті. Сөйтіп Мими Какуши, Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло сияқты әйгілі тұлпарларды артта қалдырды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды