«Тумауына да болар еді»: Бейбіт Қорған некесіз туған бала үшін ДНҚ тапсырды

Аиса Махамбет Редактор
03.02.2024, 09:54
8253
«Тумауына да болар еді»: Бейбіт Қорған некесіз туған бала үшін ДНҚ тапсырды collage smartnews.kz

Бейбіт Қорған неге қашты?

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Атыраулық Нұргүл Зиханова Бейбіт Қорғаннан балаcы бар екенін айтқан соң әнші ДНҚ тапсыруға мәжбүр болған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген мәлімдеді.

«Астарлы ақиқатты» жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ алу үшін ақыры оны сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз.

Құдды бір отадан шыққан Майкл Джексондай, «Маска» шоуы маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірдеңе айтар ма деп едік, ләм-мимсіз ұзатылып жатқандай артына қайырылмай кетті. Бізден қашса да, ақыры Атырауда заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды», – деді Дина Төлепберген.

Дина Төлепбергеннің айтуынша, нәтижесін сот бір айдан кейін жариялайды. Сондай-ақ журналист Бейбіт Қорғанның бұл ісі жайлы әрістертерінен пікір сұраған.

«Оның оған үйленбейтінін біле тұра қойнына кірдің ба, қолыңмен істедің ба, мойныңмен көтер. Ал туған екенсің, жақсы, талантты жігіттен, ол әйел өзі үшін туды. Тумауына да болар еді», - деді Жеңіс Ысқақова. 

«Төрт-бес жылдан кейін келіп жала жабатындар көп қой», - деді Абай Бегей.

Осылайша Дина Төлепберген әнші Бейбіт Қорғанды ашық сұхбатқа шақырды.

«Осыдан 13 жыл бұрын әншінің еркелігін еске түсіріп, сұхбаттасқан едім. Сол сәтте Бейбіт «жаза баспаймын» деп, ант-су ішкен еді. Бейбіт Қорғанға айтарым: бізден қорғанып, қашқақтаудың қажеті жоқ. Менімен ашық сұхбатқа кел, ақиқатыңды айт. Бізге басқалардың емес, баланың болашағы маңызды», - деді Дина Төлепберген.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді