Шымкенттегі қыз алып қашу оқиғасы: адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәлімдеме жасады

Аиса Махамбет Редактор
03.02.2024, 13:17
799
Шымкенттегі қыз алып қашу оқиғасы: адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәлімдеме жасады видеодан алынған кадр

Қызды алдап шығарып, алып қашпақ болған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Шымкентте болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

Еске салсақ, Шымкентте Маңғыстау облысының 22 жастағы тумасы қалыңдық ету мақсатында қыз алып қашқан. Уәкілдің сөзінше, жәбірленуші мен ұрлаушы бір-бірін танымаған. 

"Шымкенттегі іс шектен шыққандықты көрсетеді, біз оны бақылауға алдық. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі қызды ұрлау ісі бойынша іске қосылып үлгерді", - деді Артур Ластаев.

Бұған қоса уәкіл қылмыстық заңнамаға бірқатар түзетулер енгізуге, атап айтқанда, жеке бап қосуға және Қылмыстық кодекстің 125-бабына қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін ескертуді алып тастауға қатысты бастама көтергенін атап өтті.

Айта кетейік, Шымкент қаласының прокуратурасы қыз алып қашу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Қызын белгісіз біреу алып қашғанын құзырлы органға анасы хабарлаған.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1- тармағының негізінде (адам ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының "Г" есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынған еді. 

Кейін Ішкі істер министрлігінің өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты.

Ведомство мәліметінше, жастар әлеуметтік желіде танысып, бірнеше ай бойы ғаламтор арқылы сөйлескен. Маңғыстаулық жігіт бойжеткенге үйленбек болған. Бірақ ол қыздың пікірімен санаспаған.

Жігіт Шымкенттегі қыздың диплом алар алдындағы практикасы өтіп жатқан медициналық мекемесіне таңғы уақытта барған. Анықтама бюросына курьер екенін айтып, бойжеткенді шақыруды өтінген. Қыз далаға шыққан бойда оны күштеп көлікке отырғызып алып кеткен.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды