985

ТЖМ Алматы маңында тағы жер сілкінгенін мәлімдеді

Қазақстанның Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматының оңтүстік-шығысында кезекті дүмпулерді тіркеді.

ТЖМ Алматы маңында тағы жер сілкінгенін мәлімдеді
ашық дереккөзден

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Сейсмологтар оның афтер дүмпу екенін байқады.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9.

Магнитудасы - MPV 5.3.

Тереңдігі - 5 км.

Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезілу жоқ

"Бұл - біздің сейсмологтар кейінгі 2,5 тәулікте тіркеген алғашқы жер сілкінісі. Бұған дейінгі дүмпулер 1 ақпан күні сағат 01:21-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы - 4,6 болды. Ол Қазақстанда сезілмеді", - делінген ТЖМ мәліметінде.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор